25.12.2023, 16:30
Оқылды: 89

«Қызық екен» ойыны өтті

Теректі аудандық Достық үйі ғимаратында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен «Қызық екен» ойыны өтті.

image-25-12-23-03-25-3

Шараға аудан әкімінің орынбасары Қалаубек Теміров және «Батыс Қазақстан облысы мүгедектері ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жұмажан Қожжанов қатысты.

Аудан әкімінің орынбасары Қалаубек Баубекұлы қатысушы топтарға сәттілік тіледі.

image-25-12-23-03-25-7

Аталмыш ойын мүгедектігі бар жандар арасында ұйымдастырылды. Ойынға үш команда қатысып, бақ сынасты. Ойын тізгінін ұстаған Үміткер Орынғалиев «Әнді тап», «Кино», «Жарнама» деп аталатын үш түрлі кезеңнен құралған тапсырма берді.

Нәтижесінде жүлделі I орынды «Жігер» тобы жеңіп алды. II орын «Жалын» тобына бұйырса, «Болашақ» тобы III орынды місе тұтты. Барлық жүлдегерге аудан басшысы Әлия Мұханбетжанованың атынан алғысхат табысталды.

image-25-12-23-03-25-9

Шараға қатысқан «Батыс Қазақстан облысы мүгедектері ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жұмажан Қожжанұлы жылы лебізін білдірді.

- Теректі ауданы қай-қай жағынан да мықты. Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өтетін өнер мен спорт байқауларынан жоғары нәтиже көрсетіп жүр. Оның барлығы ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің еңбегінің арқасында деп білемін. Әрқашан мүгедектігі бар жандарды қолдап, көмектесіп, түрлі шаралар өткізіп жүрген мамандарға алғысынды білдіремін. Деңдеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Алдағы жаңа жыл жақсылығымен келсін, - деді облыстан келген мейман.

image-25-12-23-03-25-11

Подстепный ауылдық округінен келген Қуанғали Кенжебай ана жайында өлең оқыса, Жансұлу Ерғалиева ән салды.

image-25-12-23-03-25-15

Шара соңында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Арайлым Тасенова мен «Батыс Қазақстан облысы мүгедектері ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Теректі аудандық филиалының төрайымы Назгүл Мағзомова келген қонақтарға ризашылығын білдірді.

image-25-12-23-03-25-5

Айта кететін жайт, «Арлан» шаруа қожалығы 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі мұқтаж балаларға 20 қысқы киім беріп, жомарттық танытты.

Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале