Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, саналық, дүниетанымдық тұрғыда даму мен жетілу кезеңі.
Жазғы балалар лагерьлері мектеп жанындағы күндізгі лагерьлер, балалар демалыс-сауықтыру лагерьлері болып бөлінетінін жақсы білеміз. Аудан сыртындағы лагерьлерде балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруда ең бастысы баланың денсаулығын нығайту мен демалуына ғана емес, сонымен қатар физикалық және психологиялык жүктемеден арылып, өзі қалайтын іспен шұғылдануына әсерін тигізеді.
Аудандық білім бөлімінің маманы Асхат Сапаровтың берген мәліметіне сүйенетін болсақ, биыл жазғы маусымда Тасқала ауданы бойынша 18 білім беру ұйымдарында мектеп жанындағы лагерьлер жұмыс жасайды.
-Жалпы 1-10 сыныптардан барлығы 2 495 оқушы қамтылады. Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысы аудандық «Шұғыла» демалыс лагері, мектеп жанындағы тамақтандыру ұйымдастырылған лагерлер, тамақтандыру ұйымдастырылмаған алаңдар, көгалдандыру бригадалар жұмысы, шатырлы лагерлер, туристтік саяхаттар мен жорықтар, қысқа мерзімді бірлестіктер (үйірме, клубтар) арқылы ұйымдастырылады. «Шұғыла» лагері 5 маусым мен 30 шілде аралығында төрт кезең бойынша оқушыларға қызмет көрсетеді. Лагерде 160 бала демалады деп жоспарланып отыр. Соның ішінде 80 бала жергілікті бюджет арқылы, сексен бала ақылы демалады. 2019 жылы «Шұғыла» лагерінің материалдық базасын нығайтуға жергілікті бюджеттен 1520,0 мың тенге бөлінді.
Оның ішінде асхана ыдыстарын жаңарту және толықтыру, төсек жабдықтарды алуға, лагерь аумағын абаттандыруға және қажетті құралдарды алуға жұмсалады. Сонымен қатар 18 мектептің жанынан лагерь ашылып, 2 466 оқушыны қамтиды. Сонымен қатар оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін 2022 жылдың маусым айында аудан орталығына жалпы құны 1.660 000 теңгені құрайтын екі қанқалы басейн алынып, іске қосылады. Қазіргі таңда оның біреуі Ыбырай Алтынсарин атындағы мектептің ауласына қойылса, екіншісі «Шұғыла» жазғы демалыс лагеріне орнатылды, - дейді Асхат Гайдарұлы.
Назерке Шайхоллақызы,
Тасқала ауданы