16.06.2022, 19:36
Оқылды: 40

Лицейлік «IQ» жеңімпаз

Сырым Датұлының 280 жылдығы аясында және 23 маусым - Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесіне орай Сырым ауданы әкімінің аппараты мен аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен аудан көлеміндегі мекемелердің мемлекеттік қызметшілері мен білім беру мекемелері мұғалімдері арасында аудандық пікірсайыс турнирі өтті.

D51A7CDD-C4A1-4FD9-95A2-1CD85934C4DD
Ашылу салтанатында аудан әкімдігінің аппарат басшысы Медет Мырзаш қатысушыларға сәттілік тілеп, мерекемен құттықтаса, аудандық білім беру бөлімі басшысының міндетін атқарушы, бас төреші Әділ Ахмет пікірсайыс шарттарымен таныстырды.
Мемқызметшілер мен ұстаздар қауымына алдымен көрсетілім ойыны ұйымдастырылды.
Турнирде 22 қатысушыдан құралған 11 команда бақ сынады.

E77969BC-B961-41B8-BC4A-7B02CE5E7194
Қатысушылар «Сырым ауданында бұқаралық спортты дамыту механизмін ұсынады», «25 жастан кейін бойдақ салығын енгізу керек деп есептейді», «Қазақстандағы әйелдер үшін зейнеткерлік жасты қысқарту қажет деп есептейді», «Жаппай екпе алу халықтың иммунитетін көтереді деп есептейді» секілді бірқатар маңызды қарарлар бойынша тартысты ойын өрнегін көрсетті.
Нәтижесінде, ІІІ орынды мемқызметшілердің микс командасы «Элита», ІІ орынды тағы да бір микс команда «Стиліміз сондай» командасы иеленді.
Ал, І орын пікірсайыс алаңында ысылып үлгерген аудандық Сырым мектеп-лицейінің ұстаздары Бекболат Нығметжанов пен Нұрсұлтан Жәнібектің «IQ» командасына бұйырды.
Одан бөлек, Гүлнұр кенесарина «Үздік спикер», Сатым Қажыгереев ұтымды ой айтып «Үздік парламентария», Ербол Ғани «Үздік төреші» аталымдарына ие болды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге, номинация иегерлеріне медаль, кубок, қаржылай сыйлықтар табысталды. 

 Айжан Амангелдина,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале