5.10.2024, 9:31
Оқылды: 8

Лондон олимпиадасының чемпионы Серік Сапиев Шыңғырлау ауданына келді

Шыңғырлау ауданында өткен КСРО спорт шебері Еділ Ишекеновты еске алуға арналған бокстан 2011-2012 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында ашық республикалық турниріне 2012 жылғы Лондон олимпиадасының чемпионы, «VAL BARKER» кубогінің иегері, танымал боксшы Серік Сапиев арнайы келді.

461941749_1966788760399549_8795649244627061704_n

Ол төрткүндік доданың финалдық ойындарын тамашалап, жабылу салтанатына қатысты. Олимпиада чемпионының ауданымызға келуі жарысқа қатысушыларды жігерлендіре түсті.

461769930_1966788660399559_5370367699246015874_n

- Турнирдің жабылу салтанатына қатысып отырған еліміздің мақтанышы, Лондон төрінде көк туымызды көкке желбіретіп, әнұранымызды ойнатқан дарынды спортшы Серік Сапиевке зор алғысымды білдіремін! Біздің ауданымызға келіп, осындай республикалық турнирге қатысушы жас боксшыларға қолдау көрсетіп, жігерлендіріп, рухын көтердіңіз. Сіздің алдыңызда өнер көрсету жас буын үшін үлкен мәртебе. Сізге ризашылығымды жеткізе отырып, деніңізге саулық, спорттағы мансабыңызға тек толағай жетістіктер тілеймін!- деп, тілек білдірген аудан басшысы чемпионға шапан жауып, ат мінгізді.

461994482_1966788837066208_7329962103619797441_n

Бас демеуші Серік Қазиевке де шапан жауып, алғысхатын табыстап, құрмет көрсетті.

WhatsApp Image 2024-10-04 at 18.40.58

Шара алдында өткен кездесу барысында жас боксшылар, жанкүйерлері чемпионға сұрақтар қойып, қолтаңбасын алып, естелік суреттерге түсті.

461830283_1966788617066230_6445018145490628129_n

Серік Сапиев жастарға «Еңбек және Тәртіп» деген ұранды ұстанып, тек қана алға ұмтылуға кеңес беріп, алдағы өмірлеріне, спорттағы жолдарына сәттілік пен жетістіктер тіледі. Ел мақтанышына айналған, даңқты спортшымен жүздесіп, ақыл-кеңесін алу – жас боксшыларға үлкен мотивация болғаны сөзсіз.

Әсел Әлім,

Шыңғырлау ауданы

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале