22.12.2021, 19:09
Оқылды: 50

Мәдениет ошағы пайдалануға берілді

Бүгін ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Жәнібек ауданы Қамысты ауылындағы мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Ауыл мәдениет ошағына «КомпанияСтройИндустрия» ЖШС-нің құрылысшылары мен ауылдан 15 адам жұмыспен қамтылып, алты ай мерзім ішінде 128 млн 645 мың теңгеге жөндеу жасап, заманауи талапқа сай ғимаратты халық игілігіне ұсынды. 

WhatsApp Image 2021-12-22 at 19.02.41

Алыстан менмұндалап тұрған, сәулеті жарасқан ғимараттың ашылуына жиналған қамыстылықтардың қуанышында шек жоқ. Мәдениет үйінің ашылу салтанатында аудан әкімі Азамат Сафималиев пен ардагер ұстаз Тоқтағаным Үмітаева жөндеуден өткен ғимараттың лентасын кесті. Әжелер қазақы салт-дәстүрмен шашу шашты.

Жиылған қауым талапқа сай жөнделген ғимаратты аралап көріп, таңданыстарын жасырмады. Сонымен қатар аудан басшысы мен жиылған қауым кітапхана мен М.И.Калинин атындағы совхоз, М.Мәметова мен Е.Ниетқалиев туралы тың деректері бар «Рухани жаңғыру бөлмесімен танысты.

Әрмен қарай сахна төріне шығып сөз алған аудан әкімі А.Сафималиев:

- Құрметті жерлестер баршаңызды мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!  Бүгін мерекеге орай сіздер үшін қуанышты күн. Қамысты ауылында мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтіп, ел игілігіне беріліп отыр. Ауыл үлкендерінің көптен бері көтеріп келген мәселесі бұл. Жалпы аудан бойынша көптеген мәселелер мемлекеттік бағдарламалар арқылы өз шешімдерін тауып келеді. Талапқа сай жөндеуден өткен ғимаратта өнерпаздарымыздың өнерлерін тамашалауды жазсын. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын. Әрқашанда осындай мерекелі күндері шат-шадыман көңіл-күйде кездесейік,-деп жүрек жарды тілегін жеткізді.

WhatsApp Image 2021-12-22 at 19.02.41 (3)

Содан соң еңбек ардагері Бұрхан Өтеғалиев ауылдастар атынан сөз алып, қуанышты сәтте тілегін арнады.

- Ауылдағы тозығы жеткен екі қабатты ғимараттың іргетасы бұрынғы мектепке арнап 1965 жылы салынған. Салынған жылдан бері ешқандай күрделі жөндеу жүргізілмеген. 2013 жылы мәдениет үйіне берілген. Сондай-ақ бұл ғимаратта кітапхана да орналасқан.  Күрделі жөндеу жұмыстарын «КомпанияСтройИндустрия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді. «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша қаржыландырылды. Техникалық қадағалаушы – «АлауЭкспертИнженеринг» компаниясы, жоба авторы – «ЖайықСтройПроект» ЖШС-і,- деді аудандық демалыс орталығының басшысы Бауыржан Қарақұлов.

WhatsApp Image 2021-12-22 at 19.02.41 (2)

Салтанатты шара аудан, ауыл өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале