25.12.2021, 15:20
Оқылды: 6

Мәдениет пен спорт саласының үздіктері марапатталды

Жаңа жыл мерекесіне орай Бәйтерек ауданы орталығында мәдениет пен спорт саласында жетістікке жеткен үздіктерді марапаттау шарасы өтті. Оған аудан әкімі Марат Тоқжанов, жастар, мәдениет саласының мамандары мен ардагерлері және спортшылар қатысты.

20
-Мәдениет пен спорт елдің намысын жандандырып, рухын көтереді. Өнерпаздарымыздың талантына тамсанып, спортшыларымызды қашан да ұлықтап отырамыз. Соңғы жылдардағы ауданның жеткен жетістігіне осы екі сала мамандарының да қосқан үлесі орасан. Әсіресе жас спортшыларымыз биік шыңдарды бағындырып, жанкүйерді үлкен қуанышқа бөлеп жүр. Баршаңызды жаңа жыл мерекесімен құттықтап, келер жылы бұдан да биік белестерді бағындыруға тілекшімін,-деді салтанатты шараға келгендерді құттықтаған аудан әкімі Марат Тоқжанов.

23
Мұнан соң Марат Лұқпанұлы Красноармейск ауылдық клубының меңгерушісі Мақсот Ортанбаевқа «Еңбек даңқы» медалін тақты. Сондай-ақ спорт және мәдениет саласының ардагерлері мен үлкен жетістіктерге қол жеткізген сала мамандарын облыстық халық шығармашылығы орталығының басшысы Мәулет Жұбатовтың алғысхатымен марапаттады.

24
Ерекше форматта өткен кеш барысында ауданның мәдениет саласының ардагерлері, жастары түрлі аталымдар бойынша марапаттарға ие болды.

Түгелбай Бисен,
Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале