26.05.2022, 11:45
Оқылды: 56

Мәдениет саласының майталмандарына құрмет

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен 2013 жылдан бастап 21 мамыр – Қазақстан Республикасы Мәдениет және өнер қызметкерлер күні болып аталды. Осыған орай Жаңақала ауданында орналасқан «Асылым» мейрамханасында  мәдениет саласының майталмандары, жас буын өкілдерінің қатысуымен «Өнер – өмір өрнегі» атты мерекелік іс-шарасы өтті.

IMG_4097

Салтанатты жиында алдымен мәдениет саласында  аудан мәдениетінің өркендеуіне үлкен үлес қосып, бүкіл саналы ғұмырын өнер жолына бағыштап келген, қазіргі мәдениет үйінің нық қалыптасуына аянбай еңбек еткен зейнеткер Дармия Әліпқызын және ардагер өнер майталмандары Күланда Бекмұхамбетқызы, Жұмағаным Молдашқызын ерекше құрметпен ортаға шақырды. Аудан әкімі Дархан Закарин барша мереке иелерін ізгі тілегімен және Дәрмия Әліпқызын мерейлі 75 жасымен және бүгінгі мәдениет қызметкерлер күні мерекесімен құттықтап, ардагер мәдениет қызметкерлеріне Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының  «Еңбек даңқы» төсбелгілерін табыстады. Одан әрі Р.Төлегеновтың дирижерлік етіп, Е.Сатыбаевтың баянда сүйемелдеуімен аудандық мәдени-демалыс орталығының хор ұжымы ән шырқады. Аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева жүрекжарды лебізін білдіріп, мерекелерде халыққа қуаныш, көтеріңкі көңіл күй сыйлап, азаматтарымыздың рухани байлығын арттыруға күш салып, осы салада қажырлы еңбек етіп, аудан мәдениетін өркендетуге үлес қосып жүрген құрметке лайықты мамандарды марапаттады.

IMG_4170

 

Атап айтсақ, БҚО әкімінің «Үздік мәдениет қызметкері» төсбелгісімен, БҚО әкімінің орынбасары Б.Нарымбетовтың, БҚО мәдениет басқармасы басшысы С.Дүйсеновтың, Ж.Молдағалиев атындағы БҚО әмбебап-ғылыми кітапхана директоры Ш.Уразаеваның, БҚО халық шығармашылығы орталығының директоры М.Жұбатовтың, Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының директоры Э.Аманғалиеваның, Жаңақала ауданы әкімі Д.Закариннің алғысхатын табыстады. Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығы жанынан құрылған хорға республикада кез келгенге бұйыра бермейтін «Халық хоры» атағын алып беріп және бұл ұжымды жұртшылыққа танытып, бірнеше рет жүлделі орындарға жеткізген Дәрмия Әліпқызының сүйемелдеуімен аталған хор ұжымы халық әні «Ақдариға» әнін еске алып, орындады. Одан әрі аудандық мәдени-демалыс орталығының өнерпаз әншілері әннен шашу шашып, келген қонақтар би билеп, кеш соңы көтеріңкі көңіл күймен ақталды.

Жаннұр Берікқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале