9.07.2023, 23:44
Оқылды: 81

Магистральныйда ойын алаңы ашылды

Ақсуат ауылдық округіне қарасты Магистральный ауылының  балалары қуанышқа кенелуде. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ural Petroleum» ЖШС қолдауымен    заманауи ойын алаңы ашылды. Балалар  түрлі әткеншектерде тербеліп, таза ауамен демалу кезінде отыратын орындықтар мен сырғанақ, турник, тағы басқа жабдықтар қойылып, балғындардың игілігіне берілді.

IMG-20230709-WA0044

Ойын алаңының ашылуы – ауыл үшін айтулы оқиға. Бүлдіршіндер бос уақытын спортпен шұғылдануға арнап, физикалық қабілеттерін дамытады. Бала – біздің болашағымыз. Сондықтан оларды көзден таса қылмай, үнемі қамқорлық жасап, дені сау, сергек болып жүрулеріне жағдай жасалуы керек.

IMG-20230709-WA0040

Ашылу салтанатында сөз алған окург әкімі Жаннұр Ахметов осынау жарқын іске қолдау танытқан демеушілерге алғысын білдірді. Сонымен қатар округтің қоғамдық кеңесінің мүшесі Зоя Ахмадиевамен бірге  лента қию рәсімін жүргізді.  Шат-шадыман көңілмен ауыл тұрғындары да өз ризашылықтарын жеткізді. Ал балалар болса, су жаңа алаңда асыр салып ойнап мәз-мейрам.

IMG-20230709-WA0039

Алдағы уақытта осындай балалар алаңын Әйтиев пен Пойма ауылдарында ашу жоспарлануда.

IMG-20230709-WA0038

IMG-20230709-WA0037

IMG-20230709-WA0035

IMG-20230706-WA0077 (1)

Айшабибі Мәмет,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале