Ақсуат ауылдық округінің әкімі Жаннұр Ахметов Магистральный ауылының тұрғыны Альбина Бекқожиевамен жүздесті.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2,5%-дық несие алған Альбина Бекқожиеваның жоспары - таңқурай ағаштарын отырғызып, кәсібін дөңгелету. Округ әкімі Жаннұр Бекбауұлы жағдайға толық қаныққан соң, кәсіпкерге сәттілік тіледі.
Дәл қазіргі таңда Ақсуат ауылдық округінде «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша кәсіп бастауға ниетті 11 тұрғын өтініш білдірген. Соның ішінде 2 адамның жобасы қолдауға ие болған көрінеді. Қалған өтініш иелері комиссия қорытындысын күтуде.
Аталмыш бағдарламаның ауыл халқы үшін тиімділігі орасан зор. Бір идея үлкен кәсіпке айналып, тұрғындарға пайдасын тигізуі бек мүмкін.
Жауһар Нұрым,
Теректі ауданы,
zhaikpress.kz