25.01.2021, 20:37
Оқылды: 20

Макаровта медпункт мәселесі шешілмек

Бәйтерек ауданына қарасты Макаров ауылында өткен аудан әкімінің есептік кездесуінде алдымен округ әкімі Еркін Әбілкәкімовтің өткен жылы атқарған есебі тыңдалды.

FB_IMG_1611588225740

Округ әкімі Еркін Рустамұлы жиын басында өткен жыл басында құрылған жоспарға сай округте түрлі экологиялық акциялар мен сенбіліктер және жолдарды, Шаған өзенінің жағалауын қоқыстан арылту және арықтарды тазалау, ауылды көгалдандыру бағытында біраз шаралар өткізілгендігін атап өтті.

FB_IMG_1611588220441

- Бүгінде Мирное ауылын газдандыруға қажетті жобалық-сметалық құжаттар дайын. Биыл аталған елді мекен көгілдір отынға қосылады деген үміттеміз. Сонымен қатар Мирное ауылына жаңа 15 бетонды бағана мен 20 көше шамдары орнатылды. Жергілікті қаражат есебінен Садовое және Жалын ауылдарына 40 көше шамын орнатуды және Макаров ауылына шағын футбол алаңын салуды жоспарлап отырмыз, - деді округ әкімі.

Өткен жылы округте абаттандыру ісі ойдағыдай атқарылған. Биыл да оңды істер жалғасын таппақ. Сондай-ақ округ әкімшілігі ауылға дейінгі және ауылішілік жолдарды жөндету сияқты мәселелерді шешуге қаражат қарастыруда. Келер жылы Макаров ауылына мәдениет үйін, шағын футбол алаңын салу, Мирное ауылына көгілдір отын өткізу, Жалын ауылының ескі трансформаторын ауыстыру, көше шамдарын орнату, модульді мектеп салу, Садовое ауылын ауыз сумен қамту сияқты мәселелерді шешпек екенін округ әкімі Еркін Әбілкәкімов өз баяндамасында атап өтті.

FB_IMG_1611588210673

Одан соң аудан басшысы Марат Тоқжанов ауыл тұрғындарына өткен жылы атқарылған жұмыстар жайында баяндап, биылға жоспарланған жұмыстар жайына да тоқталды. Сонымен қатар аудан басшысы бүгінде аты жаман аурудың беті қайтпай тұрғандығын жеткізіп, көпшілікті сақтық шараларын мықтап ұстануға шақырды.

Жиын соңында макаровтық ағайын өздерін толғандырған Жалын ауылына жол тарту, Макаровта дәріхана ашу, пошта қызметін реттеу сынды сұрақтарын қойды.

Аудан басшысы Марат Лұқпанұлы барлық мәселелер аудан басшылығының қатаң бақылауында екендігін айтып, медпункт мәселесі көп ұзамай шешілетіндігін жеткізді.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале