15.08.2022, 19:48
Оқылды: 39

Мақсат орындалуы тиіс

Сырым ауданының Шолақаңқаты ауылдық округінің әкімі Ерлан Журалиевтің есеп беру жиыны өтіп, оған аудан әкімі Төлеген Төреғалиев пен аудандық мәслихат хатшысы Шынар Дүйсенғалиева және аудандық мекеме басшылары қатысты.

IMG_9078

Ерлан Шалбайұлы өткен есептік кездесулерде көтерілген мәселелердің шешілу деңгейі туралы айтты.
Ауыз су сапасы туралы Құспанкөлден шүмектен су жіберіліп, тазартылды. «Сырым» коммуналдық мекемесі тағы да келіп, Құспанкөлдің су мұнарасын тазалайды. Газ слесарь маманы керек екені бұған дейін көтеріліп келді, бүгінгі таңда арнайы штат ашылып, бір маман жұмыс жасауда.

IMG_9045
«Раушан» шаруа қожалығының жетекшісі Берік Айтакашев Аңқаты ауылындағы судың қысымы төмендігіне шағымданды. Оған аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Тимур Айтқалиев Аңқатыға арнайы 3 фазалық сусорғы алынғанын, оны «Сырым» коммуналдық кәсіпорны әкеліп орнатынын айтты. Суға қатысты аудан әкімі Төлеген Төреғалиев қазір су мәселесі аудан бойынша қиын жағдайда екенін мәлімдеді.
Ғарифолла Ғабдолов аудан бойынша электр мәселесі күйіп тұрғанын, тозған сымдар мен бағаналарды ауыстыру қажеттігін, мал сойып тапсырған кезде, арнайы мал соятын орын болмағандықтан, мал сою пунктінің мөрі жоқтығынан тұрғындардың 2000 теңге төлеуге мәжбүр болатынын, ол ақшаны басқаға емес, ауылдық округ қазынасына төлеу қажеттігін, елдімекендер арасындағы жолдарды жөндеу, мектептің терезесін жаңартуды мәселе етіп көтерді.
Шолақаңқатыда ең өзекті мәселе – электр жарығы. Ақжайықтың электромонтері маманы келіп, анда-санда бір қарап кетеді, әлі де бұл мәселеде оң өзгеріс жоқ. Жарық сөнуі жиі орын алады. Ауыл тұрғындарының айтуынша, Тоғанаста 245 вольттық электр тогын жазда азайтып, қыста көбейту керек. Соңғы 4-5 жылда 245 вольттық тоқ кернеуі кесірінен тұрғындардың тоңазытқыш, теледидарлары, кір жуатын мәшинелері жанып кетуде деген наздарын айтты. Ауылдың М.Мәметова көшесіндегі алты үй, С.Датов көшесінің үш үйінде жарық жиі сөніп, бірнеше күнге дейін тұрғындар жарықсыз қалған.
Электромонтер маманы тапшылығының кесірінен тұрғындар жарықсыз қалып отыр. Округтегі үш елді мекенге екі электромонтер ғана қызмет көрсетеді. Аудан басшысы маман тапшылығы мәселесін шешу үшін ауылдың жұмыссыз азаматтарын жұмыспен қамту орталығы арқылы бір ай жолақысы мен стипендиясын, жататын орнын төлеп, оқытып, электромонтер дайындауды Шолақаңқаты ауылдық округінің әкімі мен жұмыспен қамту орталығының басшысына тапсырды.
– Биылдан бастап электр желілерін таратушы компанияға облыс қазынасынан қаржы берілуде. Барлық елді мекендерде бірден жөндеу жүргізу мүмкін емес. Биыл ауданымызда біртіндеп жұмыстар жасалуда. 80-ге жуық бағана, сымдар келді, - деді аудан басшысы.

Шынар Молданиязова,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале