7.02.2022, 10:10
Оқылды: 33

Мақтан тұтар тұлғалар

Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 176 жылдығы мен күй анасы Дина Нұрпейсованың 160 жылдық мерейтойына орай Озерный мектебінде «Өнер майталмандары» атты әдеби кеші ұйымдастырылды. 

FB_IMG_1643967057911

Шараның өтуіне бастауыш сынып мұғалімдері Арайлым Түрекеева мен Жанна Тоқбаева мұрындық болды. Алдымен көрермендердің назарына ақын мен күйшінің өмірі мен өнерінен сыр шертетін арнайы даярланған «Ғасыр адамы» атты бейнебаян ұсынылды. Кейін шараға бесене қатысқан бастауыш сынып оқушылары Жамбыл мен Динаның рөлдерін ерекше сомдап, көпшіліктің көңілдерін серпілтіп, кештің шырайын келтірді.

Тамаша кеш барысында ұстаздар оқушыларға түрлі танымдық мағлұматтар беріп, жыр алыбы мен күй анасының жаңа қырларын аша түсті.

Шара соңында белсене қатысқан бастауыш сынып оқушыларына мұғалім Арайлым Түрекеева алғысын айтып, ризашылығын білдірді.

Гүлжан Аязбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале