Биыл Шыңғырлау ауданында 2023-2024 жылдың мал қыстағына 125 743 тонна шөп дайындау жоспарланған болатын. Жаз айы соншалықты ыстық ауа-райымен есте қалса да, жиі жауған жаңбыр көк майсаның тез қурап кетуіне мүмкіндік бермей, есесіне шөпті тонналап жинап алуға жағдай туды.
Көрнекі фото
Оған қоса өткен қыстан 18 377 тонна шөп қалған. Тамызындың он жетісіндегі мәліметке сүйенсек және ауылдық округ әкімдерінің ақпаратын қосқанда бүгінгі таңға 123 мың 447 тонна мал азығы дайындалған.
Шөп дайындау бойынша жоспардың 98,2 % орындалған.
Орташа өнімділігі 4,3 ц/га. Аудандық ауыл шаруашылығы мамандарының айтуынша, аудан бойынша биылғы қыста 1784 мал ұстайтын жеке шараушылық аулаларға 39 135 тонна шөп қажет. 1763 мал ұстайтын аулаға 39 мың 081 тонна шөп жеткізілген.
А.Муса,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz