4.07.2024, 21:00
Оқылды: 57

Жәнібектегі ауылдарда мал азығын дайындау мүмкін болмай тұр

Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары Мирболат Бисенов пен аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрболат Әбдірешев Жақсыбай және Талов ауылдық округтерінде болып, мал азығын дайындау науқанының барысымен танысты.

E1225512-DD4F-4232-AF2F-1A47598DE1BD

​Жақсыбай ауылдық округінің әкімі Алмат Қаратаевтың айтуынша, көктем мезгілінде киіктің өте көп шоғырлануынан жайылымдық жерлер тапталып, шөп шығымының төмендеуіне әкеліп соққан. Соның салдарынан жақсыбайлықтар мал азығын ауылдың шығыс бағытында орналасқан 3 600 гектарға жуық лиманды жерден дайындауға мәжбүр. Барлық шаруа қожалықтары осы жерге шоғырланған. Мұндағы «Аянат», «Ибун», «Ағайын», «Асылхан» қожалықтарының жетекшілерінің бәрі бір ауыздан шөп шығымының былтырғы жылмен салыстырғанда төмен екенін, оның үстіне жығылғанға жұдырық болған киік мәселесінің әлі күнге шешімін таппай отырғанына қынжылыстарын білдірді.

0234C33F-FE41-4881-A75A-E7B63472CDED

​Талов ауылдық округінде де жағдай осындай. Мәселен, «Нұрай» шаруа қожалығының жетекшісі Т.Перғалиев науқан басталғалы – 90, «Виктория» ШҚ-ның жетекшісі И.Санцевич 50 рулон дайындағандарын жеткізді. Ауылдағы шаруашылық иелері шөп шығымдылығының төмендігінен мал азығын жеткілікті мөлшерде дайындау мүмкін еместігін алға тартып, ауыл тұрғындарына шөп сата алмайтындарын, сол себепті шөпті басқа жақтан сатып алу мүмкіндігін қарастырса деген ойларымен бөлісті.

Асқар Құсайынов

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале