30.05.2022, 17:00
Оқылды: 66

Мал басын бірдейлендіру маңызды мәселе

Мемлекет басшысының биылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында Қаратөбе ауданы әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев Сулыкөл ауылдық округінде болып, ауыл тұрғындарымен жүздесті.

Сход Қалдығайты (1)

Аудан әкімінің тұрғындарға есеп беру жиынына аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Меңдешов, аудан прокуроры Алмас Таспихов, аудан әкімінің орынбасары Қайрат Төлепов және дербес бөлім басшылары мен ауыл тұрғындары қатысты.

Сулыкөл округіндегі жұмыс сапарында аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев ауылдық округтегі орта мектеп жұмысымен, референдумға байланысты сайлау учаскесінің дайындық барысымен танысты.

Тұрғындармен кездесу жиынында округ әкімі Бағдат Зайнуллин жыл басынан бері атқарылған жұмыстары турасында баяндап өтті.

Сход Қалдығайты (2)

– Округтегі мал шаруашылығы бойынша биылғы жыл басында 7814 бас мүйізді ірі қара, 15795 қой-ешкі, 4151 жылқы, 2 түйе, 1520 құспен қыстаққа кірдік. Биылғы қыс маусымы жайлы болғанымен, өздеріңіз көргендей өте ұзап кетті. Қыстаққа жиналған мал азығы 19520 тонна  толығымен жетіп, мал шығыны болған жоқ. Жеке тұлғалар арасында мал азығының тапшылығы болса да, аталарымыз айтпақшы, «Елде болса – ерінге тиер» демекші, бір-бірінен алып, мал шығынына жол берілмеді. Өткен жылдың желтоқсан айында Төлен ауылынан басталған мал ауруы мүйізді ірі қара және қой-ешкі малдары арасында мал дәрігерлерінің алдын ала қойған диагнозы бойынша «Везикулярный стамотит» қаңтар айында Үшана ауылында жеке тұрғындар мен шаруа қожалықтары арасында біліне бастады. Сондықтан округ аумағында аусыл ауруының алдын алу мақсатында тұрғындар арасында үй аралау және әлеуметтік желілер арқылы түсінік жұмыстары жүргізіле отырып, мал ауруының алдын алу мақсатында ауруға қарсы вакцинамен егу жұмыстары жүргізілді, - деді округ әкімі Бағдат Рафиғоллаұлы.

Ауыл халқымен кездесуде аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев осыған дейін сулыкөлдіктер көтерген бірқатар мәселелердің шешімін тапқандығын айта келе, ауылда екі бағытта мал бағымы ұйымдастырылғанымен бойдақ малдарды далада ұстап-бағу күрделі екенін атап өтті. Сонымен қатар округте малды есепке алу мен бірдейлендіру жұмыстары баяу екендігіне тоқталды.

Биыл шөп шығымы жақсы болғандығын, шөп шабу науқанында мал азығын молырақ жинап алу қажеттігіне тоқталған аудан басшысы тракторлардың техникалық байқаудан өтуіне баса назар аудару керектігін ескертті.

Сход Қалдығайты (4)

Жиын сонында тұрғындар тарапынан ауылдық елді мекенде ауылішілік жол мен саябақ құрылысы қашан салынатындығы және «Қазпошта» бөлімшесінің жұмысын жандандыру қажеттігі, көше шамдарының уақтылы жанбайтындығы айтылды. Қойылған сауалдарға тиісінше жауап берілді.

Тұрғындармен кездесуден соң аудан басшысы мен дербес бөлім басшылары ауыл тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Серікбай Жәлелұлы,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале