Жәнібек аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінен алынған мәліметке қарағанда, аудан бойынша ағымдағы жылдың 1 қаңтарына 115 мал қыстату орнында 51743 бас мүйізді ірі қара, 58433 қой-ешкі, 19974 бас жылқы және 120 бас түйе қыстаққа кірген. 27 қаңтардағы мәлімет бойынша қолдағы табиғи мал азығы аудан бойынша 108017 тоннаны құрайды. Сонымен қатар 1311 тонна құрама жеммен қамтамасыз етілген. Қазіргі уақытта жылқы малынан басқасының бәрі қыстақта тұр. - Ауылдық округтер әкімдерінің берген жазбаша мәліметтеріне сәйкес қыстақтарда мал азығының қоры жеткілікті және мал шығыны тіркелмеген. Ауданда «2021-2022 жылдардың мал қыстату науқанын ұйымшылдықпен өткізу туралы» аудандық штаб пен жұмыс тобы құрылып, елді мекендер мен қыстақтар бақылауға алынды. Күні бүгінгі ауданның барлық 115 мал қыстағымен жол қатынасы бар, - дейді аталған бөлімнің басшысы Асылбек Қамашев.
А.Есіркепов
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz