24.01.2025, 15:30
Оқылды: 55

Мал ұрлығы: бес және үш жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айырылды 

2024 жылдың қыркүйек және қараша айлары аралағында жайылымда жүрген Жәнібек ауданы Ақоба ауылы тұрғындарының ірі қара малдары жоғалғаны анықталып, полиция бөліміне арыз берілді.

hammer-7354618_1280

Жәнібек аудандық полиция бөлімі жедел іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында Ақоба ауылының тұрғындары «К» және «Н» есімді азаматтар малдарды жымқырды деген күдікке ілініп, қамауға алынды.

Аудандық полиция бөлімі берген мәліметке сүйенсек, тергеу барысында жәбірленушілерге келтірілген залал толығымен өндірілген.

Аталған қылмыс  бойынша ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен мал ұрлау, яғни бірнеше рет бөтеннің малын жасырын жымқыру белгілерімен тергеп-тексеру жүргізіліп, қылмыстық іс сотқа жолданған.

Соттың үкіміне сәйкес «К» есімді азаматқа 5 жыл, «Н» есімді азаматқа 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған.

Әзірге сот үкімі күшіне енген жоқ.

 

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале