23.09.2023, 13:00
Оқылды: 208

Малға сырға қажет болса...

Казталов ауданында төрт түлік малды сырғалау мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Мал басын бірдейлендіру, таңбалау мақсатында малға сырға тағылады. Сырғасыз малдың кімге тиесілі, қандай екпе алғаны, қандай аурумен ауырғанын білу мүмкін емес. Ал енді сырғаны қайдан аламыз?!

IMG20230922191757

Бұл сұрақ әрбір мал баққан ағайынды мазалайтыны рас. Мал сырғасын сатып алу үшін еліміздегі арнайы осы кәсіппен айналысатын кәсіп иесін тауып, тапсырыс беру қажет. Казталов ауданында малға сырға жасау кәсібін ашып, аудан тұрғындарына қызмет көрсетіп отырған отбасы бар.

IMG20230922192405

Көктерек ауылына сапарымыз барысында үйінде осы кәсіпті бастап жатқан Нұрболат пен Сымбат Садыровтардың әулетіне бас сұқтық. Дайын сырғаға шаруа қожалығы мен малдың бірдейлендіру нөмірін басып беретін арнай құрылғы сатып алған отбасы кәсібін енді бастап жатыр.

IMG20230922191737

- Біз былтыр өз қаражатымызға осы құрылғыны сатып алдық. Жолдасым Нұрболат биыл Алматы қаласына арнайы барып, осы құрлығыда қалай жұмыс жасау керектігін оқып келді. Дайын сырғаларды Қытайдан тапсырыспен алдырамыз. Бұл құрылғы сырғаның үстінен тапсырыс берген шаруа қожалығының атауын, малдың бірдейлендіру нөмірін жазады. Жазу түсіп, жоғалмайынша өшпейді. Қазіргі күнде ауданымыздан басқа көрші аудандардан, Маңғыстау облысынан тапсырыс бергендер көп. Биыл Қаратөбе, Сырым аудандарынан тапсырыс көп түсті. Ендігі кезекте кәсібімізді кеңейтіп, аудан орталығынан ашқымыз келеді. Ол үшін мемлекеттік грант алуды көздеп отырмыз,- деді бізбен әңгімесінде отанасы Сымбат.

IMG20230922192134

Өзіміз куә болғандай, көктеректік отбасының атқарып жатқан бұл жұмысы ауыл шаруашылық саласы үшін нағыз таптырмайтын кәсіп. Ендігі уақытта бұл инновациялық кәсіп аудан орталығынан ашылса, отбасылық бизнес дамып, мал баққан ағайынды сырға тағу машақатынан құтқарары анық.

Қайрат Жақып,

Казталов ауданы 

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале