Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 401 бұйрығы бойынша «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі» 2020 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді. Сақтандырылған адам медициналық ұйымды өзі таңдай алады.
Осыған орай аудан әкімінің орынбасары А.Еслямғалиева, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры коммерциялық емес акционерлік қоғамының БҚО бойынша филиал директоры Н.Жұмағұлова, денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Г.Абдрахманова, халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің басшысы Қ.Сансызбаевтың, сонымен бірге тұрғындар мен медицина қызметкерлерінің қатысуымен міндетті әлеуметтік сақтандыру жөнінде жиналыс өтті.
- 2018 жылдан бастап міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру жүйесі бойынша тұрақты жұмыс істейміз. Жаңақала ауданы бойынша 2022 жылдың 1 маусымындағы есебіне сәйкес 3288 адам міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде болмаса, қазіргі таңда 2022 жылдың 3 қарашасы бойынша сақтандырылмағандар саны – 3058 адам. Ауыл әкімдігі және еңбекпен қамту бөлімімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасап, нәтижесінде 230 адам бұл жүйеге енгізілді, - деген сала мамандары сақтандыру қоры туралы маңызды ақпараттармен бөлісті.
Жиналыс барысында тұрғындар денсаулық сақтау саласы бойынша бірер ұсыныс, пікірлерін, сұрақтарын ортаға салды. Қойылған сұрақтар бойынша Н.Жұмағұлова, Г.Абдрахманова жауап беріп, қатысушылардың ұсынысын назарға алды.
Н.Дүйсенбаева,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz