Бөкей ордасы аудандық мәдениет үйінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңіс мерекесінің 78 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті.
Мемлекеттік гимнмен басталған салтанатты шара барысында аудан басшысы Нұрлыбек Даумов сөз сөйлеп, мейраммен құттықтады.
Салтанатты шара барысында, еңбек ардагері, ардагер спортшы, жол құрылысы саласында, аудандық ауыл шаруашылық басқармасында және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінде қызмет етіп, ауыл тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына сүбелі үлес қосқан Меңдібай Харесов "Бөкей ордасы ауданының құрметті азаматы" төсбелгісімен марапатталды.
Сонымен қатар, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай еліміздің өркендеуі жолындағы мінсіз қызметі үшін Чернобыль апатын жоюға қатысушы Нұрлау Бектелеуов, шекарашы Нұрлыбек Бектұрсынов, төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Еркебұлан Сарсембиев, өрт сөндіруші Руслан Дүйсенғалиев, полицей Талғат Халиев аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің маманы Гүлім Елдосова аудан әкімінің құттықтау хатына ие болды.
Мерекелік шара бүлдіршіндердің және мекеме қызметкерлерінің өнерімен жалғасты.
Еркебұлан Рахметолла,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz