Ақтаудағы «Маңғыстау арена» спорт кешенінде халық батырлары «Иса-Досан» жүлдесіне арналған ХІІІ халықаралық турнирінде еліміздің 14 облысы мен Әзірбайжан, Өзбекстан мемлекеттерінен келген 700-ден астам спортшы бақ сынаған болатын.
Екі күнге созылған жарыста Жаңақала ауданының 2008-2009 және 2011-2012 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар бәсекесінде жерлестеріміз 36 келі салмақ дәрежесінде Нұр Темірболат пен Сезім Бауыржанқызы ІІІ орынды қанжығаларына байлап, Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер атағын қорғады.
zhaikpress.kz