1.04.2024, 17:31
Оқылды: 75

Маңғыстаудан келген көмек Орал қаласына аттанды

Бөрлі ауданына 29 наурыз күні Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінен көмек келген еді. Бірнеше күн ауданымызда болып, жағдайдың бірқалыпты болуына байланысты Маңғыстау облыстық ТЖД-нің  48 маманы бүгін облыс орталығында су тасқыны жағдайының күрт нашарлауына байланысты Орал қаласына аттанды.

4c40ac38-44e1-49ba-bc52-d7d2886814b1

Осыған орай Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары Дулат Имашев пен аудан әкімі аппаратының басшысы Ерік Төлепқалиев су тасқынына қарсы жұмыстарға атсалысқан маңғыстаулық мамандарға аудан әкімінің алғыс хатын табыстады.

8797650d-ffa4-4ddf-9da6-fb87e7dac84d

- Қазіргі таңда ауданда жағдай бірқалыпты. Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелерімен және жергілікті атқарушы органның күштері және құралдарымен су сору жұмыстары Ақсай қаласында, Аралтал және Қызылтал ауылдарында жүргізілді. Сонымен қатар Маңғыстау облысы ТЖД-нің қосымша күштері мен құралдары тартылды. Маңғыстау облысынан келген көмекпен су сору жұмыстары, адамдарды қауіпсіз жерге көшіру, құм қаптарын тасу жұмыстары атқарылды, - дейді Бөрлі ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Жарас Көпжасаров.

Шыңғырлау өзенінің деңгейі көтеріліп, осыған дейін Ақсу, Кеңтүбек, Бақтыарал, Пугачев, ескі Аралтал ауылдарында су басу фактілері тіркелген болатын. Қазіргі таңда 100-ден артық үйді су басты деген ақпарат бар. Бүгінгі күнге дейін су басқан үйлерден 353 адам эвакуацияланып, 147 адам эвакуациялық пунктке, ал қалғаны жақындарының үйінде орналасқан.

Қазіргі уақытта жағдай бірқалыпты болғанымен, қауіп әлі сейіле қойған жоқ.

Айдана Абдрахманова,

Бөрлі ауданы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале