Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театры гастрольдік сапармен ауданымызға келді. Бұл жолы әртістер сайқындық көрермен қауымға "Мәншүк" қойылымын тарту етті.
Батыр Мәншүктің қысқа да болса, қайсарлыққа толы ғұмырын арқау еткен қойылым авторы Сәбит Досанов болса, сахнаға дайындаған Асхат Маемиров пен Әлия Баймахан.
Сахнада екі бірдей Мәншүк бар. Мәншүк Мәметованың жас кезі, балалық кезіндегі бейнесі мен соғыс кезіндегі бейнесі.
Екі образ қатар жүреді. Қойылымның режиссерлік шешімі театр сыншыларынан жақсы бағасын алған.
Оралдық әртістер бұл қойылымды елордалықтардың назарына ұсынған болатын. Мәншүкті Әйгерім Сағаденова мен Айжан Қайырова сомдады.
Қойылым соңында сахнаға шыққан аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Аққалиев Мәншүк апамыздың жүз жылдығы қарсаңында тамаша тартуымен келген әртістер қауымына аудан жұртшылығы атынан алғысын айтып, сый-сыяпат табыстады.
Анар Артықбай,
Бөкей ордасы ауданы,
zhaikpress.kz