9.06.2024, 12:30
Оқылды: 133

Маңызды бағыттағы жолға күрделі жөндеу жұмысы басталды

Ауа райының қолайсыз уақытында бұл бағыттағы жолмен жүру қиынға соғады. Бұл - Казталов ауданындағы аудандық маңызы бар жолдарға кіретін "Беспішен-Қошанкөл-Қараоба" бағыты. 64 шақырымды құрайтын аудандық маңызы бар жолға жөндеу жұмыстары басталғалы төрт жылдың жүзі болды.

FB_IMG_1717850778676

Аталған жолдың 2021-2022 жылдары 15 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген болса, ағымдағы жылы 34 шақырымына күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Құрылысқа жауапты «Uniserv» ЖШС ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап нысанға жаңа техникалар тартып, бұрыңғы жолдың негізін қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Тұрғындарға құрылыс жұмыстарына кедергі келтірмеу мақсатында арнайы айналма жол жасалған.

FB_IMG_1717850784210
Жуырда жол құрылысымен танысқан аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ерлан Аронов мердігер мекме өкілдеріне 15 шақырым асфальт жолды бұзбау үшін, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, айналма жолдарды пайдалануды тапсырды.

Нұр Рахман,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале