31.01.2025, 16:30
Оқылды: 144

Маңызды мәселе қаралды

Бүгін Бөкей орда аудандық мәслихаттың әлеуметтік саясат, денсаулық сақтау, білім беру, отбасы, балалар мен аналар, экология жөніндегі тұрақты комиссиясының кезекті отырысы өтті. Аудандық мәслихат депутаты, комиссия төрағасы Асылбек Нұралиевтің төрағалығымен өткен отырыс күн тәртібінде екі мәселе қаралды.

IMG-20250130-WA0042

Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ләйла Өтешова аудан бойынша мектеп асханаларының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайлары және елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету жағдайы туралы
хабарлама жасады. Мұхитқызы елді мекендердегі асханалардың санитарлық-гигиеналық талаптарға сай еместігін, су көздерінің қоршауын қайта жасақтау қажеттігін айтты.

IMG-20250130-WA0046
- Су көздері қашан да стратегиялық нысан саналады. Округтердегі су құбырлары қоршалуы керек. Өріп жүрген киік ауру қоздырғышы болуы мүмкін. Тіпті әлдебір қаскөй су көзін қасақана улауы да мүмкін. Сол үшін де су қондырғыларының қоршалып, оқшаулануы керек, - деді ол өз сөзінде.

IMG-20250130-WA0053
Аудандық білім беру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Эмиль Темірбекұлы  орта білім беру және мектепке дейінгі ұйымдарындағы оқушылар мен тәрбиеленушілердің тамақтандырылуы  туралы хабардар етті.
Аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева елімізде орын алған балалардың жаппай улану оқиғаларын мысалға ала отырып, мектептегі тамақтандыру мәселесінің аса маңызды екенін айтып, немқұрайылық танытпауды талап етті.
Тұрақты комиссия отырысында қаралған мәселелер бойынша аудандық мәслихат депутаттарының ұсыныс-пікірлерін ескере отырып, ауылдық округ әкімдері мен тиісті сала басшыларына хаттамалық ұсыныстар берілді.

Ұлпан Әнуарқызы,

Бөкей орда ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале