25.06.2022, 11:17
Оқылды: 21

Маңызды мәселелер талқыланды

24 маусым күні Казталов ауданы орталығында «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының білім беру мен денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі облыстық қоғамдық кеңестің көшпелі отырысы өтті.

IMG-20220624-WA0041

Қоғамдық кеңес жұмысына облыстық қоғамдық кеңестің мүшелері, Казталов ауданының әкімі Рүстем Зұлқашев және оның орынбасарлары, аудандық қоғамдық кеңесінің мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, бөлім басшылары қатысты.

Кеңес жұмысына білім беру мен денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі облыстық қоғамдық кеңесі төрағасының орынбасары София Ізмұхамбетова төрағалық етіп, қатысушылар назарына күн тəртібіндегі Казталов ауданы деңгейінде білім беру және медициналық ұйымдардың материалдық техникалық базалардың қамтамасыз ету жағдайы, аудандық сайлауалды бағдарламасының Жол картасының 2022 жылғы орындалу көрсеткіші туралы, аудан мектептерінде орнатылған бейнебақылау туралы жағдай және санитарлық гигиеналық қолжетімділік жөнінде, халыққа спортпен және дене шынықтырумен айналысуға спорттық мекемелердің қолжетімді жағдайы, е-spon біріңғай цифрлық платформасын тіркеу мәселелері туралы;
Балаларға жазғы кезеңінде демалыс, түрлі үйірме ұйымдастыру мәселелері жəне «Жасыл ел» бағдарламасына жастарды тарту және жұмыссыз жастар мен студенттерді уақытша жұмыспен қамтамасыз ету мәселелері турасында таныстырды.
Батыс Қазақстан облысының 2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы орындалуда. Мемлекет басшысының Қ.К.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауы аясында партия жанындағы қоғамдық кеңестер тапсырмаларды орындауда өз үлестерін қосуда.
Осы орайда, Казталов ауданы деңгейінде білім беру және медициналық ұйымдардың материалдық техникалық базалардың қамтамасыз ету жағдайы мен аудандық сайлауалды бағдарламасының Жол картасының 2022 жылғы орындалу көрсеткіші туралы мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Қадер Нұрғалиев баяндама жасады.
Сонымен қатар кеңесте күн тəртібіндегі мəселелер жөнінде аудандық білім беру бөлімінің басшысы Самал Жангереева, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Берік Рахымғалиев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айша Абешова, аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы Эльмира Сармалаева хабарлама жасап, кеңінен түсінік берді.
Көшпелі кеңес соңында күн тəртібіндегі мəселелер бойынша сұрақтар қойылып, түйткілді мəселелер жөнінде ұсыныстар берілді.
Отырыстан соң облыстық қоғамдық кеңес мүшелері аудан орьалығындағы құрылысы жүріп жатқан А.Оразбаева атындағы білім ордасы жəне күрделі жөндеуге тұрған Казталов мектеп-лицейі ғимаратына бас сұғып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Қайрат Жақып,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале