5.03.2026, 15:15
Оқылды: 12

Маңызды саяси науқанға дайындық жалғасуда

 

Ауданымызда 15 наурызға жоспарланған республикалық референдумға дайындық жұмыстары пысықталды.

image-05-03-26-12-29

Аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев төрағалық еткен жиынға арнайы Батыс Қазақстан облысының аумақтық референдум комиссиясы төрағасы Әділ Жоламанов және комиссия мүшесі Асыланбек Ғұбашев қатысты.

Кездесу барысында референдумға дайындық жұмыстары жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда, учаскелердің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі, дауыс берушілерге қолайлы жағдай жасау, қауіпсіздік шаралары мен ұйымдастыру мәселелері қарастырылды.

Алғаш болып аудандық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлыбек Қалиев баяндама жасап, комиссия мүшелерін оқыту, әрбір азаматқа жеке шақыру парақтарын тарату және сайлау учаскелерінің жалпы дайындығы жөнінде ақпарат берді.

1

Сонымен қатар, аудан әкімі аппаратының басшысы Азамат Бисембаев жергілікті атқарушы органдардың міндеттері, учаскелерді материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз ету және азаматтар тізімімен бірлесіп жұмыс атқарудың маңыздылығына тоқталды.

Жиын қорытындысында жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар беріліп, алдағы саяси науқанды жоғары деңгейде ұйымдастыру міндеті жүктелді.

 

Нұрғали Төлегенов,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале