29.05.2024, 12:00
Оқылды: 40

Маңызды тақырыптар талқыланды

 

Шыңғырлау ауданында алқалы жиын өтті. Жиын барысында бүгінгі заманның талабына сай мемлекет пен азаматтық қоғамның  біріге атқарып отырған жұмыстары туралы айтыла келе, әр адамның қоғамның бір бөлшегі ретінде өз үлесін қосып, еліміздің бұдан әр дамуына ықпал жасауы төңірегінде баяндамалар жасалды. 

438144967_1872254096519683_2412049409992421765_n

Жиынға аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев төрағалық етіп, жиынның мақсатын түсіндіріп, оған белсене қатысуға және облыстан қатысып отырған спикерлерге деген сұрақтар қойып, осы жерде ой-пікірлерін де жеткізуге болатындығын түсіндірді.

«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс: кімге және не үшін?», «Бірлескен басқару – ортақ жауапкершілік»  тақырыбымен ұйымдастырылған аталмыш семинар - жиынға Орал қаласынан азаматтық қоғамның белсенділері - БҚО бойынша Азаматтық Альянс қауымдастығының вице-президенті, қоғамдық бірлестіктер орындайтын  әлеуметтік тапсырыстар бойынша эксперт-маман Әлия Салиева  және «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігінің  төрайымы Гүлбаршын  Мұштанова  арнайы келіп, сабақ өткізді.

442440071_1872254106519682_2407273486967074410_n

Жиында бюджет есебінен мемлекеттік тапсырыс арқылы жүзеге асырылатын әлеуметтік жобалардың орындалу көрсеткіші, тапсырысты орындаушыларға  қойылатын талаптар, осы тұрғыдағы заңдардағы өзгерістер мен қосымшалар  кеңінен талқыланды.

Әсіресе бюджет қаражатының  жұмсалуына мониторинг жүргізу жөнінде баса айтылып, әлеуметтік жобалардың аудан мәселелерін шешуге бағытталуы қажеттілігі ескертілді.  Сондай-ақ әрбір  жобалардың тиімділігі мен нәтижеге бағытталуы жөнінде Гүлбаршын Мұштанова баяндап берді.

441503403_1872254126519680_6811000129104220889_n

Бюджет қаражатының  қаншалықты тиімді етіп жұмсау жолдары, әлеуметтік жобалардың әр түрлі топтарға тигізер пайдасы мен оның қажеттілігі, қоғамдық  бірлестіктердің әлеуметтік жобаларды орындай отырып, мемлекеттік органдардың қызметін  жеңілдетуге тигізер үлесі туралы Әлия Салиева  баяндады.

 

Әсел Әлім,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале