Жыл аяқталар қарсаңда Орал «Сервис» технологиялық колледжінде тәрбие «Қыз баланың тәрбиесі мен қоғамдағы орны» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өтті.
Аталмыш басқосуға аудандық және қалалық колледж басшыларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Шараға Шыңғырлау колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі Эльмира Багиджанова да барып қайтты.
Шараның ашылуы колледждің «Қыз Жібек» сән театры «Неофольклор-2022» топтамасының сән үлгісін көрсетумен басталды. Дөңгелек үстел барысында Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің «Әй-керім» қыздар клубы «Мейірімді қыз» көрінісін ұсынса, Орал «Сервис» технологиялық колледжінің «Сырғалым» қыздар клубының қатысушылары «Қазақ қызы әдебімен әдемі» атты Ақұштап Бақтыгерееваның өлеңдеріне жасалған әдеби монтаж ұсынды.
Дөңгелек үстел жұмысын «Зерек» оқу орталығының басшысы, «Отбасы хрестоматиясы» кітаптарын насихаттаушы М.Жұмабаев, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы Ж.Кожағалиева, психолог А.Жақсымбетова, «Жас Ұрпақ» жасөспірімдердің әлеуметтік даму орталығының менгерушісі Д.Медетова және колледждің көп балалы ата-аналары жалғастырды.
Шара соңында «Ашық микрофон» алаңы ұйымдастырылып, залдағы студенттер мен колледж басшыларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары кері байланыс орнатып, қорытындылады.
Назым Айқын,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz