17.06.2021, 9:30
Оқылды: 31

Маңызы зор онлайн диалог

Жаңақала аудандық мектептен тыс жұмыс орталығында жоспарға сәйкес «Сыбайлас жемқорлықсыз ел – өркендеуші ел» тақырыбында құқық қорғау органдары, мекеме қызметкерлерімен және «Nur Otan» партиясының қызметкерлерімен бірлескен онлайн диалог өтті. Мақсаты – Қазақстан Республикасында іске асырылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты насихаттау және  заманауи қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы проблемасына жастардың назарын аудару.

E66AC584-4BE0-4A39-97B5-3B744F063201

Онлайн кездесу барысында мекеме басшысы Ғазиза Сүлейменова жемқорлыққа қарсы күрестің негізі принциптері, жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылықтардың және оған байланысты жауапкершіліктің артуы жөнінде кеңес берді. «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Рухолла Саматов Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық деңгейі, сыбайлас жемқорлықтың салдары, сыбайлас жемқорлықтың қоғам өмірінің түрлі салаларына тигізетін кері әсері туралы мәселелерді талқылады. Жаңақала аудандық  сотының кеңсе менгерушісі Айгүл  Искакова сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарға тоқталып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңашылдықтар, құқықбұзушылықтың алдын-алу сыбайлас жемқорлық пен құқықбұзушылықтың зиянды мен зардаптарын жою және қатысушылар мен  лауазымды адамдарға өз құзіреті туралы  кеңiнен ақпарат бердi. Ата-аналар атынан сөз алған Арайлым Байтақова жемқорлық қоғамда ең басты ɵзектi мəселе екенiне тоқталды. Сөз соңында педагогтер ɵз сауалдарын қойып, пікір алмасты. Онлайн диалогті  өткізген мамандар қатысушыларға жемқорлықпен күресудің жалпыға ортақ міндет екенін баса айтты.  Елдің ертеңі үшін, болашақ келер ұрпақ алдында еңсеміздің биік болуы  үшін, жемқорлық індетімен белсене күресіп, түп-тамырымен жою қажет екенi айтылды.

Салтанат Борашева,

Жаңақала аудандық мектептен тыс жұмыс орталығының бұқаралық бөлім меңгерушісі

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале