23.06.2024, 13:00
Оқылды: 62

Марапат өз иесін тапқан күн

Жәнібек аудандық мәдениет және демалыс саябағында мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекелеріне орай салтанатты шара өтті.

image-22-06-24-03-54-3

Шараға ауданға іссапарымен келген облыстық Қоғамдық даму басқармасының басшысы Гүлжанар Шөкеева қатысты. Аудан әкімінің міндетін уақытқа атқарушы Жақсылық Абдолов кәсіби мерекелерімен құттықтап, жұмыстарына толайым табыс, дендеріне саулық тіледі.

image-22-06-24-03-54-1

Жақсылық Каримоллаұлы аудандық ішкі істер бөлімінің зейнеткерлері Бекет Әліпқалиев, Берік Төлеуов, Ерлан Сағадетов, Данияр Рақышев пен Эльмира Шарафетдиноваға ҚР Ішкі істер министрлігінің «Ардагер» төсбелгісін кеуделеріне тақты.

image-22-06-24-03-54-2

Сонымен қатар ол бір топ полиция қызметкерін алғысхаттармен марапаттады. Сондай-ақ Есқайыр Елемесов белсенді өмірлік ұстанымы мен әлеуметтік маңызы зор іс-шараларға септігін тигізіп, еріктілер қозғалысын дамытуға қосқан үлесі үшін, Ғаллем Құрмашев қызметтік міндеттерін адал орындағаны мен қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін ҚР Мемлекеттік қызметі істері агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы М.Байсаловтың алғысхатымен марапатталды. Сонымен қатар Ж.Абдолов мемлекеттік қызметте біраз жыл қызмет еткен, қазіргі таңда зейнетте жүрген сала ардагерлері, яғни Римма Халенова, Жамиға Мұхамбетова, Наталья Сажина мен Айгүл Мажитоваға өз атынан алғысхат табыстады. Сол сияқты бір топ мемқызметші түрлі алғысхаттармен марапатталды.

image-22-06-24-03-54

Батыс Қазақстан облысының Қоғамдық даму басқармасының басшысы Гүлжанар Шөкеева сөз алып, мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, ауылдық округ әкімі аппараттарының бас мамандарына өз атынан алғысхат табыс етті.

Салтанатты шара өткен аптада басталған «Екі жұлдыз» байқауымен жалғасты.

Гүлзара Мәди, 

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале