31.12.2020, 9:26
Оқылды: 26

Марапат төрінде – мамандар

Энергетика күніне орай Жаңақала ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин аудандағы энергетика саласының мамандарын қабылдап, мерекелерімен құттықтады.

марапат төрінде мамандар (3)

Сала мамандарының сіңірген ерен еңбегін тілге тиек ете отырып, жүрекжарды лебізін білдірді. Одан соң облыс әкімінің құттықтау хатын шұғыл айырып-қосу диспетчері Әлібек Тілегеновке ұсынса, Жаңақала АЭТ-нің т/т пайдалану жөніндегі электромонтері Меңдіғали Ақбалинге «Батыс Қазақстан ЭЖТК» АҚ энергетикасының ардагері» куәлігін табыс етті.

Сондай-ақ «ГОЭЛРО жоспарына 100 жыл» медалімен АЭТ басшысы Бауыржан Биғалиев, Мәстексай участке мастері Бақтығали Джумағалиев, АЭТ бас инженері Жансейіт Тәтенов, АЭТ зейнеткері Фазылғали Сапаровмарапатталды.

марапат төрінде мамандар (2)

Ал Қазақстан энергетикалық қауымдастығының төсбелгісін АЭТ зейнеткерлері Құрманғазы Бекбаулин мен Насиулла Балғазиев иеленді.

 

Ж.Төлегенова,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале