23.02.2022, 12:10
Оқылды: 46

Марапат жауған күн

Жерұйығы Жаңақала – тарихы бай, шежіресі мол өлке. Осынау киелі мекенде Махамбет, Құрманғазы, Дина, Мәмен, Оқап, Қали, Шамғон, Тұяқберді сынды текті тұлғалардың дүниеге келуінде әлі де ашылмай келе жатырған табиғаттың тылсым жұмбағы бар сыңайлы.

IMG-20220223-WA0015

1920 жылы Бөкей губерниясына қарасты Жаңақала уезі құрылып, оның қарауында бастапқыда 8, соңынан 22 болыс болған.

1925 жылдың басында Бөкей мен Орал губерниясы қосылып, бұрыңғы Жаңақала уезі ауданға айналды.

1930 жылы Жаңақала әкімшілік-территориялық аудан болып, ұсақ ұжымшарлар құрылды. Міне, ауданның қолданыстағы жылнамасы осы жылдан басталды.

Аудан 1972 жылы 10 наурызда қазақ КСР-сы жоғарғы кеңесінің жарлығымен аудан өз алдына шаңырақ көтерді.

Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығына қарасты ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарында халықтың мәдениетін арттыру, өсер ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу, ұлттық өнерімізді дәріптеу мақсатында түрлі үйірмелер жүргізіліп, балалардың белсенді қатысуларының арқасында өңірімізде өнерлі өрендеріміздің саны артып келеді.

IMG-20220223-WA0013

Жаңақала ауданының қайта құрылғанына 50 жыл толуына орай, Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығы жанындағы Халықтық және Үлгілі Ұжымдардың «Жаңақала әнім де сен, жырым да сен!» атты туған жеріміздің рухани дамуына және бай мәдени мұрамызды дәріптеуге өз үлесін қосып жүрген талантты жандардың басы қосылған мерекелік концерт өтті.

Айтулы мерекелік шараға облыстық халық шығармашылығы орталығы директоры Мәулет Өтемісұлы, ҚР мәдениет қайраткері, халық шығармашылығы бөлімі әдіскері Есенгелді Ғарифоллаұлы, халық шығармашылығы бөлімі әдіскері, үлгілі «Қызғалдақтар» би ансамблінің жетекшісі Қарлығаш Құрамысқызы, Халық аспаптар оркестрінің алғашқы мүшелері және көрермендер қатысты.

Алғашқы болып сөз алған аудан әкімі Дархан Әмірханұлы:

- Өздеріңізге белгілі күй өнерінің алыптары Құрманғазы, Дина, Мәмен, Оқап, Қали, Шамғон, Тұяқбердінің кіндігі тамған жер, қазақ даласына күй астанасы атанған қасиетті Жаңақала елі әрқашанда өнерге құшағын айқара ашқан қасиетті өлке. Күні кеше күй анасы  Дина әжеміздің 160 жылдығына орай арналған республикалық домбырашылар байқауы да жоғары деңгейде  өтті. Ауданымыздың мәдениетін өрге сүйреп жүрген мәдениет қызметкерлері мен өнер ұжымдарының үлкен мерейтой шарасының куәсі болып отырмыз. Арамызда отырған өнер саласында еңбегі сіңген аға буын өкілдеріне алғысымды білдіремін. Аға буын өкілдері іргесін қалап берген халықтық үлгілі атақтары бар кейбір ұжымдар қазіргі таңда ауданымыздың мәдениеті мен өнерінің  өркендеуіне зор үлес қосып келеді.

Құрметті мәдениет саласының қызметкерлері есеп беру кешінде кәсіби шығармашылық табыстар мен жаңа жетістіктер тілеймін. Мәдениет пен өнеріміз өркендей берсін. Алдағы уақытта да туған еліміздің мәдениеті мен өнерін өзгелерге дәріптеу, даңқын асқақтата берулеріңізге тілектеспін. Әрқашанда өнерді биікке ұстап, халыққа қызмет жасайтындарыңызға зор сенім білдіремін – деп  өнерпаз ұжымдарға сәттілік тіледі. Одан әрі аудан басшысы Д.Закарин Дина Нұрпейісованың 160 жыл мерейтойлық медалімен бір топ өнерпаздарды марапаттады.

IMG-20220223-WA0017

Алдыңғы буын өкілдері өнерпаздарынан Тарих Әбілхасов (зейнеткер, ардагер), Кимран Өтеуов (зейнеткер, ардагер), Серік  Сисенов (ардагер, ұстаз), Ибат Оразаұлы (мәдениет саласының ардагері, зейнеткер), Ажар  Сағынгерейқызы («Айзере» әжелер ансамблінің мүшесі, зейнеткер), Күләнда Бекетқызы (мәдениет саласының ардагері, зейнеткер), Нұрзия Кенжегалиева (мәдениет саласының ардагері, зейнеткер), Меңдіғали Сұпашев (мәдениет саласының ардагері, зейнеткер), Надежда Өтешқалиева (зейнеткер, ұстаз), Нұралы Сапарғалиұлы (зейнеткер, ұстаз), Жұмағаным Құспанғалиева (мәдениет саласының ардагері, зейнеткер), Есқали Құрманғалиұлы (мәдениет саласының ардагері, зейнеткер), Сымбат Батырхайырова (зейнеткер, ұстаз), Амандық Амангелдіұлы (жеке кәсіпкер), Сағадат Шағымгереев (жедел-жәрдем жүргізушісі), Жеңіс Өтеуов (ұстаз «Өнер тану магистрі»), Мәулет Өтемісұлы (Облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры) Дина әжеміздің атындағы мерекелік медальға ие болды.

IMG-20220223-WA0016

Халықтық аспаптар оркестрінің қазіргі құрамының мүшелерінен Нұрлан Сатыбаев (мәдениет саласының ардагері), Тұрлан Балғазиев (Қ.Жантілеуов атындағы музыкалық мектебінің ұстазы), Сәуле Қасымқызы (мәдениет қызметкері), Гүлжиян Хамитқызы (мәдениет қызметкері), Ақтолқын Қуанғалиева (мәдениет қызметкері), Гүлбар Тұрланқызы (Қ.Жантілеуов атындағы музыкалық мектебінің ұстазы), Гүлайым Темірғалиқызы (Есен Орақбаев атындағы ЖОББМ ұстазы), Ақтолқын Иманғалиқызы (М.Мирманов атындағы ЖОББМ ұстазы), Ұлмекен Бегалиева (№3 Жаңақала ЖОББМ ұстазы), Лаура Мақсатқызы (мәдениет қызметкері), Дәулет Жұбанов (Д.Нұрпейісова атындағы ЖОББМ ұстазы), Ақболат Жұмағалиев ( Есен Орақбаев атындағы ЖОББМ ұстазы), Қайрат Жақсыбаев (Есен Орақбаев атындағы ЖОББМ ұстазы), Ләйлә Жолмағамбетова (Қ.Жантілеуов атындағы музыкалық мектебінің ұстазы), Қуанышбек Айдарбеков (мәдениет қызметкері), Жанболат Болатұлы (МДО әдістеме бөлім меңгерушісі), Нұрлан Сағидоллаұлы (мәдениет қызметкері), Болатбек Өтешқалиев (мәдениет қызметкері), Орынай Сапарова, Айнагүл Құспанова, Амангүл Сисенова, Мейрамгүл Мұратова, Дархан Қаберов, Ханзада Бисенғалиева, Нұртас Қайыров, Ұлпан Наурызғалиева, Саадат Елеусінов, Алмас Серікқалиұлы, Мұхаммедияр Мұхтарұлы (Қ.Жантілеуов атындағы музыкалық мектебінің ұстаздары), Нұржан Мамайұлы (көркемөнерпаздар бөлімінің меңгерушісі) және «Қазақстанның алтын кітабы» төсбелгісімен Жаңақала мәдени-демалыс орталығы, «Көркемөнерпаздар» бөлімінің үйірме жетекшісі Няйла Сисенғалиева марапатталды.

IMG-20220223-WA0018

1972 жылы аудан қайта құрылып, 1973 жылдан бері ұлт аспаптар оркестрі үлкен сахналарда концерт қойып, халық көңілінен шығып келеді.

IMG-20220223-WA0012

Оркестр 1978 жылы «Халық оркестрі» деген үлкен атаққа ие болды. Олар облыстық, республикалық байқауларда өнер қайраткерлерінің көзіне түсіп, еңбектеріне мақтау алып келеді.

«Барлық ұжым атақтарын абыройлы қорғады»

Мерекелік концертте Халықтық халық аспаптар оркестрі, «Ақ әжелер  әуені» әжелер ансамблі, халықтық «Айзере» әжелер ансамблі, аудандық мәдени-демалыс орталығы жанындағы халық хоры, үлгілі «Нұрбибі» би ансамблі, үлгілі «Гүлдәурен» би ансамблі, халықтық «Сымбат» би ансамблі өнерлерін көрсетті.

1977-1992 жылдары аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, мемлекеттік қоғам қайраткері, Қазақстан компартиясы орталық комитетінің мүшесі  Ә.Нұрғалиевтің  ұсынысымен және қолдауымен жазылған Закария Сисенғалидың сөзіне жазылған Ә.Бейсеуовтің әні Жаңақала гимніне айналған «Жаңақала гүл қала» әнін орындалды.

Концерт соңында құттықтау сөз облыстық халық шығармашылығы орталығы директоры Мәулет Өтемісұлына берілді.

- Қадірменді жаңақалалық тұрғындар, баршаңызбен көріскеніме қуаныштымын! Күй отаны Жаңақала өңірінде әдемі кешті ұйымдастырған аудан әкімі Д.Әмірханұлына, алдыңғы буын ағаларымызға  және мәдениет саласының қызметкерлеріне алғысымды білдіремін.

Батыс Қазақстан облысындағы 111 халықтық және үлгілі атағы бар ұжымдардың 9-ы Жаңақала өңірінде. Бүгінгі кеште барлық ұжым өте жақсы өнер көрсетті. Атақтарын абыройлы қорғады. Мерекелік концертті жоғары деңгейде жақсы өткізуге  атсалысқан әжелер ансамбліне, музыкалық мектеп ұстаздарына, барша өнерпаздарға ризашылығымды білдіремін, - деп Облыстық мәдениет басқармасы басшысының атынан бір топ өнерпаздарды алғыс хатпен марапаттады.

Концерт соңы «Атамекен» әнімен қорытындыланды.

Арайлым Айденова,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале