Кеше «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында атқарылған жұмыстар қорытындыланып, белсенді қатысушыларды марапаттау іс-шарасы өтті. Оған Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов, «AMANAT» партиясының жергілікті атқарушы хатшысы Азамат Сафималиев және Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасының басшысы Нұрлан Есенғалиев қатысып, жобаның жүзеге асуына елеулі үлес қосқан азаматтарды марапаттады.

Қоғамның қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған бұл маңызды бастама өз тиімділігін көрсетіп келеді.
Осы ретте Жаңақала аудандық Отбасын қолдау орталығының директоры Бақытжамал Мақанова «Қарызсыз қоғам» жобасына қосқан үлесі мен атқарған нәтижелі жұмысы үшін марапатқа ие болды.
Сыйлыхан Талапұлы
Жаңақала ауданы