Іңкәр Жамбулова – тәжірибелі кітапханашы. Осы саладағы еңбек өтілі 34 жыл. Кітапты көп оқиды және жұртты көп оқуға үндеп жүреді. Бүгін жан жары Берік екеуінің шаңырақ көтергендеріне 35 жыл болған екен.

Маржан тойларының осынау еліміздің тарихындағы елеулі күнмен сәйкес келгенін бір қуанышқа балап отыр. Үш қыз өсіріп, бірнеше немере сүйіп отырған Берік пен Іңкәр 82 референдум учаскесіне келіп, өз дауыстарын берді. Олар Қазақстанның болашағы үшін дауыс бердік деп санайды.