25.05.2023, 23:35
Оқылды: 18

Мәселе айқын, шешімі қаржыға тәуелді

Бүгін Талдыапан, Қараөзен, Жаңажол ауылдық округтерінде әкімдердің есеп беру кездесулері өтті. Жиынға аудан әкімі Асланбек Сарқұлов, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат төрағасы мен депутаттар, дербес бөлім, мекеме басшылары қатысты.

F3119F58-FF95-45B8-8BB2-4DE4BB5353AA

Бүгінгі есеп беру жиындары Талдыапан ауылында басталды. Жиында округ әкімі  Әділ Мырзағалиев жыл басынан бері атқарылған жұмыстарды баяндап, жоспарларымен бөлісті. Округ әкімі өз сөзінде Талдыапан ауылына дейінгі 18 шақырым жолға күрделі жөндеу жұмысын жүргізу, мәдениет үйін, «Балбөбек» бөбекжайын күрделі жөндеуден өткізу, Сарықұдық ауылына жаңа көбік қазу, Бейстерек елді мекеніне көбікке су жеткізетін арықты тазалау, Қособа және Бейстерек елді мекендеріне мобильді интернет желісін іске қосу мәселелері күн тәртібінде тұрғандығын атап өтті. Бұдан бөлек, жиынға қатысушылар Бейстерек ауылындағы ауыз су мәселесін шешу, көгілдір отынмен қамтамасыз ету жөнінде мәселелер көтерді.

Әкімдердің есеп беру жиындары Қараөзен ауылдық округінде жалғасын тапты. Жиында округ әкімінің міндетін атқарушы Артур Қасымов Қараөзен ауылының орталығынан Kcell, Beeline ұялы байланыс мұнарасын орнату, ауылдағы Ғ. Сүйеуғазиев көшесіне асфальт төсеу жұмысын жүргізу, Жас және Серік елді мекендеріндегі күл-қоқыс төгетін полигонның жер телімінің құжаттарын жасау және полигонды қоршау, Қараөзен ауылдық мәдениет үйінің құрылысын салу мәселелері өзекті болып отырғандығын тілгетиек етті. Сонымен қатар, округ әкімі өз сөзінде 2023 жылға Қараөзен фельдшерлік-акушерлік пунктінің модульдік құрылысын салу, Жас елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз етуге арналған кешенді блок модуль қондырғысын орнату, 2024 жылға әлеуметтік жеке серіктестік арқылы округ орталығына бала бақша салу және Қараөзен мектеп-лицейіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, 2025 жылға Жас елді мекеніне 60 орындық модульдік мектеп салу жоспарланып отырғандығын атап өтті.

EBF944A3-4B83-483E-B0DA-7F8F0705D547

Ал, Жаңажол ауылдық округінің тұрғындары әкімдерден Жаңажол жалпы орта орта білім беретін мектебінің терезелерін ауыстыру, техникалық су кіргізу, балалар мен жасөспірімдерді спортқа бейімдеуге арналған спорт зал салу, Әбіш елді мекеніне байланыс желісін орнату, аталған елді мекендегі ауыз су және мектеп мәселесін шешу, округтегі жарық желілерін қалпына келтіру, газ қысымын арттыру және жолды күтіп ұстау мәселелерін шешуді талап етті. Сонымен қатар, Жаңажол ауылындағы балабақшаға жаңа топ ашумәселесі де тұрғындар назарынан тыс қалмады.

Үш округтің де әкімдерінің есеп беру жиындарына қатысқан аудан әкімі Асланбек Ахметоллаұлы мәселелердің шешімі қаржыға байланысты екенін жеткізді.

– Мәселе айқын. Дегенмен, мәселенің шешімі қаржыға тәуелді екені мәлім. Ал қаржының бөлінуінің өзінің заңдылықтары бар. Сонымен қатар, округтегі бірқатар мәселенің шешілуі сіздердің салық төлеулеріңізге байланысты. Сіздер төлеген салық округтің дамуына жұмсалады. Сондықтан, мәселені көтергенде тек бір жақты қарамай, 16 ауылдық округ, 47 елді мекендерде түйткілді мәселелер бар екенін ескеріңіздер, - деді аудан әкімі.

Аудан әкімі жиындарда көтерілген мәселелер бойынша округ әкіміне және дербес бөлім, мекеме басшыларына тапсырма берді. Кезекті есеп беру кездесулерде көтерілген мәселенің шешу жолдары, қолға алынған шаралар тыңдалатындығын ескертті.

Асылбек Нәсіпқали

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале