3.06.2025, 11:30
Оқылды: 141

Мәселе – ауыл шаруашылығы энциклопедиясын басып шығару 

 

Жәнібек ауданына «Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Лавр Хайретдинов келіп, ауылдық округ әкімдері мен шаруа қожалық иелерімен кездесті. Басқосуда аудан әкімінің орынбасары Мирболат Бисенов төрағалық етіп, алғы сөзді Лавр Рашидұлына берді. Ол өз кезегінде Батыс Қазақстан облысы бойынша ауыл шаруашылығы саласына қатысты материалдарды жинақтап, энциклопедия басып шығару басқосудың негізгі мақсаты екенін жеткізді. 

image-03-06-25-07-23

- Қайырлы күн, құрметті жиынға қатысушылар. Біздің мемлекет демократиялық бағытта дамып, азаматтық қоғам құрып жатыр дейміз. Азаматтық қоғамның негізі – қоғамдық бірлестіктер екенін білесіз. Қоғамдық бірлестіктің жұмысы – ауыл шаруашылығындағы ардагерлердің мүддесін қорғап, ауыл шаруашылығындағы басшыларымыздың көптеген жерлерде көтере алмайтын, айта алмайтын мәселелерін айтып, билік пен ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің ортасындағы алтын көпір болып есептелеміз. Бұл кітапты шығару үшін біріншіден, барлық аудандардан материал жинақтауымыз керек. Бұл жинақ кітапта әрбір ауданның тарихы, ауыл шаруашылығына қатысты атаулары, ауыл шаруашылығы саласына еңбегі сіңген азаматтардың, мұғалім, тіпті дәрігер  болсын өмір жолы және еңбегі еленбей қалған жандар туралы да мәліметтер жинақталады. Бірақ, барлық жұмыстар қаражатқа тірелетіндігі де белгілі. Жұмыстарды жүргізуге демеуші бола алатын кәсіпкерлермен, мен мен дейтін азаматтарды тарту керек. Қажет десеңіз, олармен келісімшарт жасауға даярмыз, - деді Лавр Рашидұлы.

image-03-06-25-07-23-1

Сондай-ақ облыс орталығында ауыл шаруашылығы музейін ашуды да жоспарлап жатқандары туралы мәлімдеді. Жиында айтылған мәселеге қатысты қожалық иелері, ауылдық округ басшылары да өз ұсыныстарын білдірді. Аудан әкімінің орынбасары Мирболат Бауыржанұлы да өз сөзінде, бұл біреуге жай ғана көрінгенмен, артында мұра болып үлкен тарихи із қалатындығын жеткізді.

Бану Берікқали,

Жәнібек ауданы

image-03-06-25-07-23-3

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале