23.12.2024, 18:30
Оқылды: 12

«Мәслихат – халық пен биліктің арасындағы сенімді көпір» – аудан әкімі

Мәслихат – бұл жергілікті өкілді орган, әр ауылдағы, аудандағы, қалалық немесе аймақтағы шағын парламент. Былай айтқанда, халық пен билік арасындағы – көпір. Биыл Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 30 жыл толды.
image-23-12-24-04-34-1
Осы орай бүгін Жәнібек ауданы әкімдігінде ауданның қоғамдық-саяси өмірінде белсенділік танытып, халықтың сенімін ақтап, өздеріне жүктелген міндеттерін абыроймен атқарып жүрген халық қалаулылары мен ауданның экономикалық дамуына үлес қосып жүрген VIII шақырылым депутаттары республикалық, облыстық, аудандық деңгейдегі құрмет грамотасы және алғысхаттарымен марапатталды.
Соның ішінде, ҚР Парламенті Сенатының құрмет грамотасымен аудандық мәслихаттың депутаты Берік Ықсанов марапатталса, Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың алғысхатын Райгүл Шагирова иеленді. Е.Ниетқалиев атындағы орта мектебінің мұғалімі Ринат Мұқатовтың еңбегі жоғары бағаланып, ол ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың алғысхатына лайық деп танылды.
Сонымен қатар жергілікті мемлекеттік бсқару және өзін-өзі басқарудың дамуы мен қалыптасуына қосқан елеулі үлесі мен белсенді депутаттық қызметі үшін II, III, IV шақырылым депутаттары «Ардагерлер ұйымы» РҚБ аудандық филиалының төрағасы Амангелді Уалиев, ардагер ұстаз Жұпар Хамзина мен «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Біржан Қуанәлиевке «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеубек Мұқашевтың атынан құрмет грамотасы табыс етілді.
image-23-12-24-04-34
Сол сияқты 30 жылдық мерейтойдың қарсаңында аудандық мәслихат депутаты Марал Әбілов пен кеше ғана «Үздік ұлттық спорт жанашыры» аталымын иеленген Қанат Нығметов Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы Мұрат Мұқаевтың арнайы алғысхатымен марапатталды.
Ал аудан әкімі Тимур Шиниязовтың алғысхаты аудандық мәслихат депутаттары Жасқалам Әбдірахманов, Тілекбек Мұхамбетжанов пен Мөлдір Әбдірешеваға берілді.
​Салтанатты жиынды қорытындылаған аудан басшысы: «Баршаңызды Қазақстан Республикасы мәслихаттарының кұрылғанына 30 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мерейлі дата еліміздегі демократияның нығаюына және халық билігінің өркендеуіне зор үлес қосқан жергілікті өзін-өзі баскару органдарының маңызын көрсететін ерекше белес. Мәслихаттар халық пен биліктің арасындағы сенімді көпір болып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, аймақтардың гүлденуі мен азаматтардың әл-ауқатын арттыруға айрықша ықпал етіп келеді. Осы жылдар ішінде аудандық мәслихат депутаттары жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу, қоғамдық келісімді сақтау және азаматтардың мүддесін қорғау жолында үлкен жұмыс атқарды. Сіздерге қажырлы еңбектеріңіз бен жауапкершілікке толы қызметтеріңіз үшін алғысымды білдіремін», - деді.
​Арай Сейфолла
Жәнібек ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале