18.09.2024, 22:55
Оқылды: 74

Мәстексай ауылдық округінің әкімі лауазымына қайта сайланды

Бүгін Жаңақала ауданы, Мәстексай  ауылдық округінің әкімі тағайындалды. 15 қыркүйек күні өткен Мәстексай ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысының нәтижесінде Ержан Тлепбергенов ең көп  589  дауысқа ие болды.

IMG-20240918-WA0152

Аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев алда атқарар қызметіне табыс тілесе, Жаңақала аудандық аумақтық сайлау комитетінің төрағасы Жанболат Бақтыгереев  басшыға тіркелген әкім куәлігін табыс етіп, қайта жанданған  лауазымымен құттықтады.

InShot_20240918_224722770

Ержан Нағымұлы Орал  облысы, Фурманов ауданы, Фурманово ауылында 1969 жылы 6 қараша күні дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. Мамандығы «Инженер- механик». Жоғары кәсіби білімді тарих, құқық және экономика негіздері пәндерінің мұғалімі «AMANAT» партиясының мүшесі. 1977-1985 жылдары Ә.Жангелдин атындағы негізгі мектебінде оқып, 1987 жылы С.Меңдешев атындағы орта мектебін бітірген. Еңбек жолын: 1987 жылы Мәстексай ауылының №3 фермасының жұмысшысы.

1987-1989 жылдары Совет армиясы қатарындағы қызмет. 1989-1990 жылдары Мәстексай ауылының №3 фермасының ауылшаруашылық жұмысшысы. 1990 – 1995 жылдары Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институты студенті.

1995-1996 жылдары Мәстексай ұжымдық кәсіпорнының жеткізуші –

механигі. 1996-2005 жылдары Жаңақала ауданы Ә.Жангелдин атындағы орта

мектебінің мұғалімі. 2005 – 2010 жылдары Жаңақала ауданы Ә.Жангелдин НМ және С.Меңдешев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің директоры.

2010-2011 жылдары Жаңақала ауданы  Мәстексай ауылдық округінің әкімі.

2011-2020 жылдары Жаңақала аудандық балалар мен жасөспірімдер  туризмі және экология орталығы директорының оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары.

2020 – жылдан қазіргі уақытқа дейін Жаңақала ауданы Мәстексай ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келді.

Жанұялы, 4 қыз, 1 ұлы бар  «AMANAT» партиясынан ұсынылған

Фариза Эдикқызы,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале