Жаңақала ауданына қарасты Мәстексай ауылдық округінің №132 сайлау учаскесінде өтіп жатқан ауыл әкімін сайлаушылар өз таңдауын жасауда, белсенділік жоғары, бұдан жергілікті тұрғындардың ауыл болашағына бей-жай қарамайтындықтарын көруге болады.
Көтеріңкі көңіл-күймен келіп, өздері сенім артатын үміткерге дауыс беру барысында сайлаушыны сөзге тартқан болатынбыз.
- Бүгін ауылымыз үшін шешуші сәттердің бірі десек те болады. Осында тұратын әр тұрғын өз таңдауларын жасауы тиіс. Мен де өз таңдауымды жасадым. Жеңіске жеткен азамат ауылымыздың әлеуметтік жағдайымен қоса ішкі жұмыстарына көңіл бөліп, ауылды көркейтіп сенімімізден шығады деген үміттеміз. Қазір ауыл үшін басты мәселеленің бірі - жол. Болашақ әкіміміз шешімін таппай жүрген жұмыстарды нәтижелі аяқтаса, халық болып әрқашан қолдауға дайынбыз,- дейді ауыл тұрғыны Абат Мұхтарұлы.
Фариза Махамбетова,
Жаңақала ауданы