2.10.2024, 18:00
Оқылды: 121

Мәстексай ауылында көлік жуу орталығы ашылды

«Жас келсе, іске», - дейді халқымыз. Мәстексай ауылынан түлеп ұшқан жас кәсіпкер Мейрам Кенжебекұлы кіндік қаны тамып, кірін жуған жерінде халыққа қызмет көрсету мақсатында тыңнан түрен тартып, тың жерден жаңа бастама жасап, көлік жуу орталығын ашты.

6E2DFA22-853A-4556-8D82-3C84A0995279

Сурет: freepik.com

Жас та болса, бас болып, іскерілігін көрсете білген ауыл баласы жақсы бастамашылдығын танытты. Жастайынан әкесі Кенжебек Өтешқалиұлының қолдауымен мал шаруашылығымен айналысып, төрт түлікті өсірген әке таяғын ұстаған Мейрам Кенжебекұлы көпке үлгі болар игі ісін бастады.

«Екі-үш жылдан бері ойда жүрген жобам еді. Туған жерімде халқыма қажетті іс ашамын, қызмет етемін деген ойымды осы жобам арқылы іске асырмақшымын. Бұл жобаны толықтай өз қаражатыммен, өсіріп отырған малдың арқасында жүзеге асырдым. Болашақта халықтың игілігіне қызмет етеміз деген ойдамыз», - дейді жас кәсіпкер.

Рая Жұмағалиева

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале