25.03.2025, 10:00
Оқылды: 65

Мәстексайда ауыл баласы ауқымды іс бастады

Жаңақала ауданының Мәстексай ауылында жас кәсіпкер Мейрам Кенжебеков «Қамыс Самар» кешенін іске қосты. Кешеннің ішінде халықтың сұранысымен жасалған монша мен дәмхана бар.

photo-output

Жас кәсіпкер бұл кешенді үкіметтен ешқандай қаражат алмай-ақ,өз күшімен салып, халық игілігіне ұсынып отыр. Өткен жылы ауылда автокөлік жуатын орталық ашып, елге тарту еткен Мейрам Кенжебекұлының бұл – туған ауылы үшін жасап отырған екінші ауқымды жобасы.

image-24-03-25-06-41-4

«Мал шаруашылығымен айналыса отырып, туған жеріме перзенттік көмегімді көрсетемін деген мақсаттарым бар еді. Сол ойларымды біртіндеп жүзеге асырып жатырмын. Ауыл адамдарына жақсы жағдай жасаймын деген ойларымның жемісі», - дейді Мейрам.

image-24-03-25-06-41-2

Рая Жұмағалиева
Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале