Мәстексай совхозының құрылғанына 60 жыл толуына орай өткізілген шаралар легі бүгін спорттық жарыстармен жалғасты.
Атап айтсақ, ұл балалар және қыз балалар арасында жаяу жүгіру, балалар күресі және ересектер арасындағы күрес, гір тасын көтеру, жабы жылқылар һәм текті аттар арасында аламан бәйге ұйымдастырылды.
Өңіріміздің мықтылары жиналған алаңға ауыл қонақтары және тұрғындар қатысты. Үлкен көлемде өткізілген іс-шараға шаруа қожалықтары және жеке кәсіпкерлер қолдау білдіріп, демеушілік танытты.
Оза шапқан желаяқтар мен боз кілем үстінде белдескен палуандар да, зіл темір көтерген мықтылар мен ат үстінде ойнақтаған шабандоздар да жеңіс шыңынан көрінуге бар күш-жігерін салды.
Толығырақ "Жаңарған өңірі" газетінің алдағы санынан оқи аласыздар.
Нұргүл Дүйсенбаева,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz