17.05.2024, 23:00
Оқылды: 53

Мәстексайға түлектердің тартуы

Қазақ радиосы бүгінгі күнге дейін ұлтымыздың мәдени болмысын ұлағаттап келе жатқан бірден-бір ақпарат көзі. Әуезді ән, сиқырлы сөз, оралымды ой мен сындарлы сұхбаттың кенішіне айналған ұлттық қазынамыз қашанда қатардан қалмақ емес.
image-17-05-24-05-11
Осы орайда  Жаңақала ауданы Мәстексай ауылының 40 жыл бұрын білім ұясынан түлеп ұшқан 1967 жылғы және  20 жыл бұрын бала шақтан болашаққа қадам басқан Бірлік ауылының 1987 жылғы  азаматтары туған мекендеріне Қазақ радиосын орнатып, жерлестерін бір қуантып тастады. Ауылға Қазақ радиосын орнату қос ауыл тұрғындарының көптен күткен ұлы тойы десе де болады. “Туған жерге туың тік” демекші, аядай алтын бесіктеріне құнды мұралар жинағын тарту еткен түлектерден ауыл халқы алғыстарын аямады.
Айзада Ақбасова,
Жаңақала ауданы,
zhaikpress.kz
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале