1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай күйшілер саябағында "Нарын шуағы" және "Нарын жастары" ҚБ-нің ұйымдастыруымен Кальмар ойындары өтті. Бұл спорттық сайысқа "Шапағат", "Бабажанның ұландары", "ГТА", " Колледж құрамасы" командалары қатысты.
Ойын төрт кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде қатысушылар Кальмар ойынының әуені қосылған кезде орындарынан қозғалып, әуен тоқтаған кезде орнынан қозғалмай тұрып қалуы керек. Осылайша мәре сызығына жеткенше ережеден ауытқымауға тырысады. Артық қимылдап, сүрінген қатысушы ойыннан шығарылды.
Екінші кезеңде әлеужеліде трендке айналған ойын ойнатылды. Қатысушылар үшін 6 түрлі шырын белгілі реттілікпен жәшіктің астына жасырылды. Жәшіктің үстінде тап сондай шырындар тұр. Ойыншылар жәшіктің астындағы реттілік бойынша тауып қоюға тырысты.
Үшінші кезеңде қанттан жасалған печеньенің ортасындағы пішіндерді иненің комегімен ойып алуы керек болды.
Төртінші кезеңде жеребе арқылы командалар таңдалып, арқан тартысты.
Сайыс соңында М-С.Бабажанов атындағы мектептің "ГТА" командасы жеңімпаз атанды. Екінші орынға колледж құрамасы, үшінші орынды Бабажан ұландары түйіндеді.
Мәметовалықтар белсене қатысқаны үшін алғысхатпен марапатталды.
Нұрай Таубай,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz