20.11.2025, 22:00
Оқылды: 64

Мәжіліс депутаттары Казталов ауданында әлеуметтік жобалардың жүзеге асу барысымен танысты

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Тлепберген Қаюпов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ерлан Саиров және Нұрлан Әуесбаев жұмыс сапарымен Казталов ауданында болып, әлеуметтік жобалардың жүзеге асуымен танысты.

FB_IMG_1763653477888

Халық қалаулылары алдымен Қараөзен мектеп-лицейінің күрделі жөндеу жұмыстарының жәй-күйін тексерді. Қазіргі уақытта аталған нысанның құрылысы аяқталып, ашылу салтанатына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Абаттандыру жұмыстары да аяқталып, асфальт жамылғысы төселіп, архитектуралық формалар толығымен орналастырылған. Іргетасы 1975 жылы қаланған мектептің құрылысын мердіге «Жайық Сити» ЖШС жүргізді.

FB_IMG_1763653460087

Қазіргі таңда мектеп-лицейде 82 қызметкер еңбек етіп,  228 оқушы білім алуда. Депутаттар ұстаздар мен оқушылардың жетістіктерін жоғары бағалап, Мемлекет басшысының тапсырмаларының ауылдық жерде жүзеге асып жатқаны көңіл қуантатынын жеткізді.

— Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің көшпелі отырысы аясында Батыс Қазақстан облысындағы аудандарды, соның ішінде шалғай ауылдар мен елді мекендердің ахуалымен таныстық. Батыс Қазақстан облысы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызы зор аймақтарының бірі. Бүгін көшпелі отырыста шекаралық аймақтағы ауылдар мен елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуы, білім сапасы сынды мәселелер жан-жақты қаралады, — деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Ерлан Саиров.

FB_IMG_1763653469500

Мәжіліс депутаттары жұмыс сапары барысында «Қаладан-ауылға» өңірлік бағдарламасы аясында Қараөзен ауылына көшіп келген жас ұстаздармен кездесті. Қос отбасы тұрақты жұмыспен және баспанамен қамтамасыз етілді. Содан соң халық қалаулылары Қоныс елді мекеніндегі 60 орындық мектептің жұмысымен танысты.

Аудан әкімі Асланбек Ахметоллаұлы депутаттарға ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы, білім, мәдениет, спорт саласындағы жетістіктер мен өзекті мәселелерді баяндады.

Казталов ауданы әкімдігінің

баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале