8.01.2025, 15:30
Оқылды: 31

Мәжіліс депутаты Ақжайық ауданы халқымен кездесті

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Снежанна Имашева бүгін Ақжайық ауданына жасаған жұмыс сапары аясында Чапаев және Жаңабұлақ ауылдарында болды. Ол тұрғындармен жүздесіп, жеке қабылдау өткізді.

IMG_7344

Аудан орталығында өткен жиынды «AMANAT» партиясының аудандық филиалының төрағасы Артур Ермұқанов ашып, жүргізді.

Мұнда С.Имашева партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру барысы, заң шығарушы органның жұмысынан маңызды ақпарат берді.

– Партиямыздың республикалық сайлауалды бағдарламасы 2023-2027 жылдарға арналған. Қабылданғанына екі жылдан сәл-ақ асса да, осында көзделген көрсеткіштердің 30 пайызынан астамы орындалды. Бұл – біздің Үкімет, жергілікті атқарушы органдармен қоян-қолтық бірлескен жұмысымыздың  жемісі. Партияның 19 төл жобасы бар. Солардың арасында «Ауыл аманаты» жобасын ерек атап өткен жөн. Бір ғана жобаның аясында жер-жерде кәсіпкерлік өрістеп, жұмыспен қамту көрсеткіштері жақсаруда, – деді депутат.

IMG_7379

Кездесуде еңбек ардагері Қаби Қадисов Жайықтың Бұқар бетіндегі жұртшылықтың тілегін жеткізіп, аудан орталығымен байланыстыратын жолды жөндеп беруді сұрады. Ал Құрман Бисеғалиев мемлекеттік сатып алу процестеріндегі олқылықтар ауыл-елді мекендерде ірі жобаларды уақтылы жүзеге асыруда кедергі екенін айтса, аудандық мәслихат төрағасы Сәлімгерей Сиражев қаражаттың өңірлерге әділ бөлінуі қажет екенін тілге тиек етті. Сонымен қатар бұл жиында онлайн түскен сауалдарға да жауап берілді.

IMG_7382

Кездесуге «AMANAT» партиясының облыстық филиалының атқарушы хатшысы Азамат Сафималиев, аудан әкімінің орынбасары Ердос Үмітов қатысты.

Әлия Шарапиева,

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале