Батыс Қазақстан облысындағы төтенше жағдай туындаған аудандардың бірі - Шыңғырлау. Табиғаттың тосын мінез танытуы елді мекендерге қауіпті жағдай төндіріп, қайсыбір жерлерде тұрғындардың қора-жайларына су кіріп, ауыл-аймақты қатыстыратын көпірлерді су шайып, аздаған мал шығыны да орын алды.
Бүгінгі таңдағы жағдайды өз көзімен көріп, танысу үшін Парламент Мәжілісінің депутаты Снежанна Имашева ауданымызға арнайы іссапармен келді. Депутат сапар барысында Қайыңды ауылына бет бұрып, ауылдың бүгінгі жай-күйімен танысып, Алмаз ауылына кіреберістегі су ағысы бұзып кеткен көпірді қалпына келтіру жұмыстарын көріп қайтты.
Мәжіліс депутаты бұл биылғы жылы халық басына түсіп отырған ауыртпалық екендігін, дей тұрғанмен кеткен шығындардың орны толтырылып, аса зардап шеккен тұрғындарға қолдау-көмек көрсетілетініне сендірді.
С.Имашевамен ауылдарды аралау барысында аудан әкімі Ә.Мұханбетжанова және тиісті мекеме басшылары бірге сапарлас болды.
Г. Ботанова
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz