5.07.2023, 11:45
Оқылды: 7

Мәжіліс депутаты Бәйтерек ауданына барды

Ақ Жайық өңіріне жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нартай Сәрсенғалиев Бәйтерек ауданының Макаров ауылдық округінде болды.

IMG_20230705_123609_445

Макаров ауылында өткен қоғамдық қабылдауда тұрғындар өзекті мәселелерді көтерді.

Мәселен, Анна Быкова қалаға қатынайтын қоғамдық көліктің өте ескі, жиі сынатынын айтса, зейнеткер Ольга Урылова  ауылға дәрігер мен шағын дәріхана қажет екенін жеткізді.

Бұған қатысты Нартай Аралбайұлы осы кездесуге келген аудан әкімінің орынбасары Мұрат Бәйменовпен ақылдасып, жақын маңдағы Дарияндағы №2 ауруханадан дәрігерлердің жиірек келіп тұруын қамтамасыз етілетінін баяндады.

IMG_20230705_123729_682

Жиында бұдан бөлек ауылдың ішіне жол, мәдениет үйін салу, мектепті күрделі жөндеуден өткізу, интернет сапасының төмендігі, Мирный ауылына ауыз су тарту мәселелері көтерілді.

Кейін бірқатар макаровтықтар өздерін толғандырып жүрген сауалдарын жеке де кездесіп, қойды. Депутат қабылдау барысында тұрғындардың өтініштерінің ұмыт қалмауын бақылауға алатынын да айтты.

Содан соң мәжілісмен аталмыш округқа қарасты Жалын ауылында салынып жатқан шағын жинақты мектептің құрылысымен, әбден тозығы жеткен ауыл клубының жұмысымен де танысты.

Нұрсәуле Жәнібекқызы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале