8.01.2020, 17:39
Оқылды: 70

Мәжіліс депутаты Казталовтағы кәсіпкерлік нысандардың жұмысымен танысты

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Кеңес Абсатиров аудан орталығында салынып жатқан кәсіпкерлік субъектілердің жұмыстарымен танысты.

qaztalov (3)

 Ең алдымен, «НЕФТЕК» ЖШС-ның көпбейінді жану-жағар май құю бекетінің құрылысын қарады. Одан кейін жол бойында қызмет көрсету бағыты бойынша «Аманай» шаруа қожалығы жетекшісі Абат Малаев салып жатқан дәмхана мен үй құрылысы жұмысымен танысты. «Сартаев» шаруа қожалығы жетекшісі Әлібек Сартаевтің балық және арнайы киімдер дүкенінің құрылысы да ұмыт қалмады.

Кеңес Ғарапұлы құрылыс нысанына және шаруашылық жұмыстарына қатысты  сұрақтарын қойып, «Дулат»шаруа қожалығы жетекшісі Дулат Рахматуллиннің наубайханасы мен кондитерлік цехына да аялдады. Әңгіме арасында Дулат Рахматуллин кәсібі жөнінде баяндап, кіші қызметкерлерді жұмысқа орналастыру кезіндегі қиындықтарды тілге тиек етті. Нысандарды аралау барысында құрылыс жұмыстарының мерзімге сәйкес аяқталуы және бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуы төңірегінде де сөз қозғалды. Сондай-ақ құрылыс нысандарына аудан тұрғындарын жұмысқа тарту жайы да айтылды.

Диана Бақсық

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале